RU

17 жастағы жігіт өзін қыздар секілді бояндыруға рұқсат берді (фото)

Әлемге танымал «Covegirl» косметикалық брендінің жаңа келбеті 17 жастағы бьюти-блогер Джеймс Чарльз болды деп жазады ikerim.kz сайты.

Нью-Йорктық визажист өзінің инста парақшасында 440 мың оқырманымен және YouTube желісінде 70 мың көрерменімен танымал. Сонымен қатар, ол енді 60 жылдық тариxы бар атақты косметикалық брендпен жасасқан келісімшартымен мақатана алатын болды. Аталмыш брендпен бұған дейін София Вергара, Кетти Перри, Зендайя сияқты жұлдыздар жұмыс істеген.

«Біздің компанияның келбеті болған барлық жандар шектеу дегенді білмейтін, өзін-өзі тартынбай көрсете алатын және батыл қадамдарға бара алатын тұлғалар. Олар әдемілік дегенді жете түсініп, сол сұлулыққа ұмтыла алатындар. Джеймс Чарльз да осылардың қатарында. Бір жыл бұрын ол өз инста парақшасы арқылы макияж түрлерін жасап, адамдардың қызығушылығын тудырды. Өз- өзіне сеніп, сүйікті жұмысымен айналысты»,- дейді косметикалық марканың басшысы.

Қазіргі таңда еркектердің бьюти-блогтары инста желісінде кең танымалдыққа ие болып келе жатыр. Компания да осы себепті косметикаларын қызықтыру үшін еркек визажисттерді жалдап жатыр.

2015 жылдың мамыр айында Чарльз сұxбаттарының бірінде былай деген: » Менің ата-анам менің транссексуал емес екеніме қатты күмәнмен қарайды. Бұл мен үшін жай ғана өнер екенін оларға ұғындыру үшін маған көп күш-қуат қажет болды. Мен өзімді еркекпін деп санаймын және солай болып қалады да».

Джеймс Чарльз – гей де, транс та емес. Мамандығы – суретші. Ол жұмысы үшін қағаз бен қаламды ғана емес, адам жүздерін, өз бетін де қолданады. Ешкімге ұқсамайтын өзгешелігімен небәрі 17 жасында-ақ мол табысқа қол жеткізіп отыр.

Ал сіз қалай ойлайсыз көп табыс үшін жігіт бола тұра бетін бояп, сәнденген дұрыс па әлде бұрыс па?

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283406-17-zhastaghy-zhigit-ozin-qyzdar-sekildi-boya.html