RU

Семейлік жігіттің үш жылдан бері көңіл жарастырған қызы басқа жігіттен жүкті болып қалды

Семейлік Алдияр есімді жігіт үш жыл жүрген қызының өзге біреуден жүкті болып, ақыры сүйіктісінің сол жігітпен тұрмыс құрғанын айтады. Бұл туралы "Әйел бақыты" бағдарламасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

18 жасында көңіл қосқан қос ғашық бірден некеге тұруға ерте деп ойлап, тойды кейінге шегеруді дұрыс деп табады. Астанаға оқуға кеткен Алдияр сүйіктісінен айырылып қалғанына қатты өкінетінін жеткізді.

"Бір-бірімізден алыста жүрсек те, телефон арқылы сөйлесіп, смс хабарламалар жазысып тұрдық. Демалыс күндері келіп тұрдым. Семейге оралған бетте бірден қызымның үйіне бардым. Ол шықпады. Туысы арқылы шыға алмайтынын жеткізді. Содан үйге басым салбырап қайттым. Үйіме жете бере сүйіктімнен "Айырылысайық" деген смс алдым. Кейін сыныптасым арқылы мән-жайды білгенде бәрі түсінікті болды", - дейді семейлік жігіт.

Белгілі болғандай үш жылдан бері көңіл жарастырған қызы басқа жігіттен аяғы ауыр болып шыққан. Кейін сол жігітке ұзатылыпты. Ал "Әйел бақытының" тұрақты психологы Лимана Құттыбекқызы болған жағдайға Алдиярдың өзін кінәлі деп санайды.

Маман жігіттің әңгімесіне қарап, оған мінездеме берді.

"Сіз ол қызды меншігіңізге айналдырғансыз. Әр адамның өз шекарасы болады. Сіз соны бұзып тұрсыз. Сізге қарапайым, жетекке жүретін, биязы мінезді қыздар лайық", - деді психолог.

Ал, хабарды жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ойынша, бұл жағдайда қыздың істеген қылығы еш қисынға келмейді.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283459-semeylik-zhigittinh-ush-zhyldan-beri-konhi.html