RU

Жұмыстан гөрі Facebook-та көп отыратын шымкенттік полицей халқымен қош айтысты

Шымкент қалалық Жергілікті полициясы қызметінің басшысы әлеуметтік желідегі достарымен байланысты үзетінін мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал полицей, полиция полковнигі Данияр Мейірхан өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын жабуға мәжбүрлі екенін және себебін сұрамауын өтінді. Бұл туралы ол желі парақшасында жария етті.

"...Біздің Фейсбуктағы қарым-қатынасымыз маған жəне менің əріптестеріме біздің жұмысымызға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік берді... Сіздердің əрбір "like"-тарыңыз бен пікірлеріңізге рахмет! Сіздердің сыни пікірлеріңіз де біз үшін құнды болды. Олар қалалықтардың өміріндегі орын алып жатқан проблемаларды меңзеп, біз өз кезегінде сол келеңсіздіктерді жоюға тырыстық.... Қазір парақшамды жабуыма тура келеді, себебін сұрамасаңыздар екен. Тағы да белсенділіктеріңіз бен қолдауларыңызға алғысымды білдіремін», - деп жазды белсенді полицей.

Мұны оқыған желі қолданушылары өкініштерін жасыра алмады. Сонымен қатар шенді басшы өз жазбасында желі қолданушыларымен бұрынғысынша қарым-қатынаста жұмыс жасайтынына сенім білдірді.

Арада бірнеше сағат өткен соң полиция полковнигі қала тұрғындары және қонақтарымен қарым-қатынастың үзілмейтінін, себебі WhatsApp желісіне хабарласуға болатынын айтып, нөмірін жария етті. Бірақ, бұл жазбасын ол кейін өшіріп тастады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Шымкенттегі бай-бағландардың қымбат көліктерін тоқтатып, күңгірттелген терезелерін тазартқан Данияр Мейірханның бұл әрекетіне жүргізушілер тәнті болып, тіпті эстафета қолға алған.

Сондай-ақ, Жергілікті полиция қызметінің басшысы мамыр айында азаппен өлтірілген студент Айгерім Оспанбекованың отбасы мен туыстарына көңіл айту хатын жолдап, көпшіліктің жүрегін бір елжіреткен.

Ал жақында Данияр Мейірхан шымкенттік полицей мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орынға көлігін қойғаны үшін 106 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанын мәлімдеді.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Атамқұлов кеткен соң ОҚО-дағы шенділердің біразы қызметінен босап қалған

17 жастағы жігіт өзін қыздар секілді бояндыруға рұқсат берді (фото)

Оралдық жезөкшелер бір түнде қанша пайда табатынын жайып салды

Қазақ шапанын киген әйгілі боксшы Мэнни Пакьяо қуанышын жасыра алған жоқ (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283498-zhumystan-gori-facebook-ta-kop-otyratyn-shymken.html