RU

Оңтүстік Кореяда 10 адам өртенген автобустан шыға алмай тірідей жанып кетті

Оңтүстік Кореяда Ульсан қаласынан алыс емес жердегі автомагистральда 10 адам автобус ішінде отқа оранды, тағы он адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы оңтүстіккореялық Ренхап агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Әзірге анықталмаған себептер бойынша, автобустың дөңгелегі атылған, салдарынан жол ортасын бөліп тұрған дуалға барып соғылып, отқа оранды. «РИА Новости» хабарлағандай, он адам көлік ішінен шыға алмай, өртеніп кеткен. Қалған он адам құтқарылды, алайда жарақаттар алған.

Автобуста Hanwha Chemical компаниясының 20 қызметкері болды. Олар Қытайға жасаған ұжымдық туристік сапардан кейін әуежайдан Ульсан қаласына қайтып келе жатқан еді.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283536-onhtustik-koreyada-10-adam-ortengen-avtob.html