RU

Қарызға белшесінен батқан отандық банктер банкрот болуы мүмкін

Қазақстанның банктері дағдарыстың аз-ақ алдында тұр. Мұндай мәлімдемені Bloomberg таратты деп хабарлайды Астана арнасы.

Агенттіктің хабарлауынша, Қазақстанда 20 млрд доллар болатын банк қарыздарының құрылымы қайта қарап, реструктуризация жүргізді. Бұл жағдай Франфурттан бастап Вашингтонға дейін инвестордарды шығынға батырды. Ал қаржы ұйымдары мемлекеттен ақшалай қолдау болмаса, ұлттық банк ұсынып отырған тексерістен өте алмайтындарын айтты.

Тіпті дефолтқа ұшырайтындарын ескертті делінген материалда. Қазақстан билігі екінші деңгейлі банктердің жағдайын сынақтан өткізіп, жұмыс істемей тұрған несиелерді анықтап жатыр. Дегенмен олар проблемалы несиелер күтіліп отырғаннан да артық бола ма деп алаңдаулы, дейді Landesbank Berlin Investment директоры Лутц Ремейер.

Ол 2009 жылғы реструктуризация кезінде Қазақстан банктерінің облигацияларына иелік еткен. Және қазір де елге инвестиция салып отырған көрінеді.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283584-qazaqstannynh-bankteri-daghdarystynh.html