RU

Шымкенттік кейуана 100 жасқа дейін ораза ұстаған

Шымкентте жасы 102-ге толған Тоты Юлдашева атты кейуана бір ғасырды арт­қа тастаса да, әлі тың. Құлағы ауыр­лау естігенімен әңгімеден қала қоймапты деп жазады Егемен Қазақстан басылымы.

Жиырма екі жасында намазға жығылған кейуана, жүз жасқа келгенге дейін ораза тұтқан екен.

Ауруханаға жатып ем алып көрмеген кейуана мұның сырын еңбекпен байланыстырады. Колхоздың өмірі бітпейтін қара шаруасына зейнет жасына дейін араласқан. Үнемі жаяу жүреді екен.

Бүгінде ғалымдар жаяу жүру мен суға жүзудің адам денсаулығына қанша­лық­ты пайдалылығын ауыз толтыра айтып жүр. Соның растығын осы уақытқа дейін төсек тартып жатып қалу былай тұрсын, ауруханаға жатпаған, дәрі-дәрмек ішпеген, құдайға құлшылық қылып, намазын қаза етпеген Тоты апай­дың өнегелі өмірінен көруге болады.

«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті». Біз осы қағидамен өмір сүр­дік. Барға қанағат ет­тік. Қандай ауыр жұмыс болса да қаш­па­дық. Бүгінгі сау-саламат жүргеніміз сол еңбектің арқасы. Біз бұрын есебі жоқ колхоз, совхоз жұмысын жасасақ, бүгінде жеке шаруаға үкімет үлкен мүмкіндік беріп отыр. Қандай шаруа­мен айналысам десең де жәрдем болады", - дейді кейуана.

Бүгінде 18 немере, 41 шөбере, 13 шөпшек көрген әжей еліңнің, бала-шағаңның амандығы­нан, Отаныңның іргесі бүтіндігінен артық бақыт жоқ дейді.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283616-shymkenttik-keyuana-100-zhasqa-deyin-oraza.html