RU

Бұрышта тұрып ән айтқан Қайрат Нұртас көпшілікті қыран-топан күлкіге кенелтті (видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртасты "ұстазы" бұрышқа тұрғызып қойды. Оған ән айтқызып, вокалдық қабілетін арттыратын жаттығулар жасатты.

Әрдайым көңілді жүретін Қайрат Нұртасты халық жанына жақын көреді. Олар әншіні қарапайым деп атап, оның әндерін де сүйіп тыңдайды.

Бұл сүйіспеншілікті кең-молынан көріп жүрген Қайрат та оғаш қылығын көп көрсетпейді. Керісінше, көп жағдайда биязылық танытып, желідегі парақшасына позитивті дүниелер жариялап тұрады. Әсіресе, өзі орындаған әндерінен видеоүзінділерді халық та жақсы көреді.

Осы жолы да Қайрат парақшасына видео жүктеп, желі қолданушыларының көңілін көтеріп тастады.

Желі қолданушылары болса, Қайраттың бұл кейпіне сүйсініп, қыран-топан күлкіге қарық болды.

"Жаным, көңіл-күйімді көтеріп жібердің ғой", "Ой, бір мәз қылдың, әлі қарап, күліп отырмын, қарапайымдылығына", "Сөз жоқ, әрдайым бізді қуантып, мәз қылып ұзағынан жүре беріңіз", "Кішкене бала секілді. Қайрат сені халқың қарапайымдылығың үшін сүйеді", "Бұрышқа тұрғызып қойған ба, кішкене бала сияқты", - деп жазды олар Қайраттың бұл түрін көріп.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Алматыға алғашқы қар түсті (фото, видео)

Бас прокурор елдің ақшасын жымқырып шетел асқан экс-депутатты нағыз қылмыскер деп атады

Алматы облысында қаза болған үш ағайынды жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жұлдыздар жанжалы: бірін-бірі ұнатпайтын кімдер?

Сенаторлар түнге дейін жұмыс істейтін шенеуніктерге араша түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283806-buryshta-turyp-aytqan-qayrat-nurtas.html