RU

Өскеменде мас күйінде адам қаққан полицейдің келіншегі ауыр жазадан құтылып кетті (фото)

Өскеменде көлігімен адам қағып өлтірген шенді полицейдің әйелі Ботагөз Бақыжанованың жазасының тым жеңілдеп кеткеніне прокурорлар қарсылық білдіруде деп хабарлайды КТК арнасы.

Келіншек былтыр жаңа жылдық кештен масаң күйде шығып, машинасымен полиция офицері Мирхат Отжағаровты қағып өткен. Осы үшін сот небары екі жылға қоныс колониясын кескенімен, бастықтың әйелі оны да өтемей 271 мың теңге айыппұлмен құтылыпты.

"Прокуратура бұл іспен толық танысып шықты. Онда оның мас болғаны және жол апатын жасап қашқаны қарастырылмаған. Сондықтан оны босатып жібергеніне қарсымыз. Бақыжанова тиісті жазасын алуы керек", - дейді Семей қаласының прокуроры Марат Тұрубаев.

25 жастағы әйел өлген полицейдің жақындарына материалдық тұрғыдан көмек көрсетіп, кешірім алған сыңайлы. Соның өзінде Ботагөз Бақыжанованың 271 мың теңге айыппұл төлеп, бостандыққа жіберілуі әділетсіз дейді прокурорлар. Сондықтан соттан көлікті мас күйінде басқарғаны және жол апатынан соң бой тасаламақ болғаны үшін де жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Айта кетейік, қайғылы жағдай былтыр желтоқсан айының соңында болған. Жаңа жылдық кештен шыққан келіншек жаяуларға арналған жолақпен өтіп бара жатқан Мирхат Отжағаровты қағып кеткен еді. 30 жастағы полиция офицері алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды. Ботагөздің өзі де тәртіп сақшысының әйелі екенін айта кетейік. Осы оқиғадан кейін оның күйеуі Жанболат Бақыжанов Әкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметінен өз еркімен кетті.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Сырқат бүлдіршінге ақша аударған жанның әрекеті көпшілікті елжіретті (фото)

Шымкентте бір рет көрген қыздарды алып қашып, келін қылатыны рас па?

Семейлік жігіттің үш жылдан бері көңіл жарастырған қызы басқа жігіттен жүкті болып қалды

Оңтүстік Кореяда 10 адам өртенген автобустан шыға алмай тірідей жанып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1283893-oskemende-zhazadan-onhay-qutylghan-laua.html