RU

Патшасы көз жұмған таиландтықтар бір жыл бойы қара жамылып жүрмек

Таиланд халқы корольдің қазасына байланысты жыл бойы аза тұтатын болады.

Бұл туралы reactor.inform.kz хабарлады.

Таиландты 70 жыл бойы басқарған Пхумипон Адульядет кеше 88 жасында ұзақ жылға созылған науқастан кейін ауруханада көз жұмған болатын. Ол әлем бойынша тақта ең ұзақ отырған монарх.

Бүгін үкімет қабылдаған бұйрыққа сәйкес, 14 қазан корольдік аумағында демалыс күні болып жарияланды. Осыған байланысты Таиланд халқы елдің басты алаңдарында бас қосып, корольдің қазасын аза тұтуда.

Алдағы уақытта Корольдік туы бір ай бойына төмен түсірілетін болады, ал мемлекеттік қызметкерлер бір жыл қара киім киюге міндеттелді.

Үкімет басшысы Прают Чан-Оча отандастарын алдағы 30 күн бойы көңіл көтеру шараларынан бас тартуға шақырды.

Қазіргі сәтте елдегі барлық ұлттық телеарналар корольдің өмірі туралы деректі фильмдер көрсетіп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Қазақша білетінін міндет қылған бойжеткен шымкенттік жігіттің намысына тиді (фото)

Ерасылдың мәйітін қалың қарға Аян Мейірбаевтың әпкесі тастап кеткен

Назарбаев сырқатынан жазылған соң алғашқы кездесуін өткізді

Шымкентте бір рет көрген қыздарды алып қашып, келін қылатыны рас па?

Семейлік жігіттің үш жылдан бері көңіл жарастырған қызы басқа жігіттен жүкті болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1284141-patshasy-koz-zhumghan-tailandtyqtar-bir.html