Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы қыс қандай болмақ?

Опубликовано:

«Қазгидромет» РМК Алматы филиалының метеорологиялық бөлімі жетекшісі Светлана Аманқұлова мегаполистің қыс мезгіліндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, негізгі ызғар қараша айының үшінші онкүндігінде басталмақ. Жалпы қараша айында Алматының ауа райы қалыпты деңгейде болады. Алматы үшін қалыпты жағдай +3 градус.

«Қараша айының үшінші онкүндігіндегі ауа температурасы 1-ден 6 градусқа дейін түн уақытында суытады. Ал ай соңында -5-10 градусқа дейін төмендейді. Ал, күндіз 6-11 градус жылылықтан -2-3 градусқа дейін суытады. Қараша айында күн бұлттанып, -57 мм-ге дейін ылғал түседі. Бұл қалыптан жоғары. Қараша күздің соңғы айы болып, қыс басталатындықтан ылғал жаңбыр болып, арты қарға ұласуы ықтимал», - деді Аманқұлова.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша Алматы облысында желтоқсан айында ауа температурасы қалыпты деңгейде, тек аймақтың солтүстігінде қалыптан жоғары болады. Желтоқсан айы үшін қалыпты жағдай 3-тен -13 градус салқындық. Жаңбыр, қарлы жаңбыр қалыпты жағдайдан молырақ түседі. Қардың көлемі 11-58 мм-көлемінде болады.

2017 жылдың алғашқы айында еліміздің бірқатар аймағында күн салқын болады. Бірақ, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысында ауа температурасы қалыпты жағдайда, яғни -5-16 градус деңгейінде болады.

Алматы облысында қар мол түсіп, 8-48 мм деңгейінде болуы ықтимал.

Светлана Аманқұлованың айтуынша, Алматы облысында ақпан айы ызғарлы, суық болмақ.

«Егер қорытындылайтын болсақ, желтоқсан, қаңтар айлары қалыпты жағдайда, ал ақпан айы суық болмақ. Жалпы қыс аязды болмайды. Меніңше, ақпан айында сібір антициклонының ықпалы жүрсе -20 градусқа дейін аяз түсуі мүмкін. Дегенмен, нақты температура көрсеткіші туралы дәл айтуға әлі ерте», - дейді Амақұлова.

Еске сала кетейік, Алматыда 13-нен 14 қазанға қараған түнде күн күрт суытты. Кешке басталған жаңбырға таңға жуық қар араласып, алғашқы қар түсті. Ауа температурасы 0 градусты көрсетті.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі боксшы кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді

Акуламен бір торда бетпе-бет қалған сүңгуір ажалдан аман қалды (видео)

Патшасы көз жұмған таиландтықтар бір жыл бойы қара жамылып жүрмек

Сырқатынан жазылған Назарбаев Исекешевті жұмыс кабинетіне шақыртты (видео)

Еліміздегі мешіттерде уағыз ақыры орыс тілінде де жүргізілетін болды

Қазақстанда салафизмге тыйым салынбауы мүмкін

Желіде Назарбаев пен Клинтонның тарихи суреттері пайда болды (фото)

Қазақстандық ғалымдардың "қара" тізімі әзірленбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1284409-aldaghy-qys-qanday-bolmaq/

pixel