RU

Келімбетов: Қазақстан экономикадағы қиындықтардан аман өтті

Қазақстан экономикасының жағдайы жақсы. Бұл жайында Ұлттық банктің бұрынғы басшысы, қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан мұнай бағасының құлауына әу бастан әзірленіп, үкіметтің бүкіл резервтерін қадағалайтын тәуелсіз қор құрған. Қазір онда 70 миллиард АҚШ доллары сақтаулы. Бұған қоса, монетарлы саясаттағы өзгерістер де өз әсерін берді.

Келімбетов Қазақстанның жаңа режимге, яғни инфляциялық шектеуге көшіп жатқанын жеткізді. Бұған мұнайдың құнсыздануы, Ресей экономикасының құлдырауы мен Қытай экономикасының баяулап кетуі түрткі болды деп түсіндірді. Осының арқасында Қазақ елі бұл қиыншылықтардан аман-есен өтті, - деді.

Сондай-ақ, ол инфляцияның жыл соңына қарай 10 пайыздан төмен түсетініне сенім білдірді. Оның пайымдауынша, бұл көрсеткіш қазіргі қиын-қыстау заманда жаман емес. Сонымен қатар Қайрат Келімбетов мұнай өңдеуге қатысты жоспармен де бөлісті.

"Біз қазір тәулігіне мұнайдың 1,7 миллион баррелін өндіріп, әлемдегі мұнай өңдейтін ТОП-20 елдердің қатарына енеміз. Бізде Қашаған мен Теңгіз сияқты алпауыт кен орындары бар. Exxonmobile и Shevron компаниялары бізбен әрімен қарай да жұмыс істеуге мүдделі. Сондықтан біз мұнай өндіруді екі есе ұлғайтып, 3 миллионға дейін жеткізбекшіміз. Артынша әлемнің «үздік жетілігіне» кіретін ойымыз бар", - деді  «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі боксшы кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді

Акуламен бір торда бетпе-бет қалған сүңгуір ажалдан аман қалды (видео)

Патшасы көз жұмған таиландтықтар бір жыл бойы қара жамылып жүрмек

Сырқатынан жазылған Назарбаев Исекешевті жұмыс кабинетіне шақыртты (видео)

Еліміздегі мешіттерде уағыз ақыры орыс тілінде де жүргізілетін болды

Қазақстанда салафизмге тыйым салынбауы мүмкін

Желіде Назарбаев пен Клинтонның тарихи суреттері пайда болды (фото)

Қазақстандық ғалымдардың "қара" тізімі әзірленбек

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1284506-kelimbetov-qazaqstan-ekonomikadaghy.html