RU

Атыраулық әйел Құран ұстап ант беріп, 1,5 млн теңгені қолды қылған

Атырау қаласында 48 жастағы әйелге қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Ақ жайық.

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы (айтпақшы бұрын алаяқтығы үшін үш рет сотталған) мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп, бір әйелдің 1 млн 500 мың теңге ақшасын иемденіп кеткен.

Дәл осындай жолмен алдап, тағы бір әйелдің 1 млн теңге ақшасын қалтасына басқан. Тағы да екі әйелге белгілі бір сомаға банктен несие алып беруге көмектесемін деп алдап кеткен.

Бір қызығы, ол адамдарға алдамаймын деп, Құран ұстап ант берген екен.

Қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Лаура Асановахабарлағандай, сот оны айыпты деп танып, мүлкін тәркілеумен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі боксшы кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді

Акуламен бір торда бетпе-бет қалған сүңгуір ажалдан аман қалды (видео)

Патшасы көз жұмған таиландтықтар бір жыл бойы қара жамылып жүрмек

Сырқатынан жазылған Назарбаев Исекешевті жұмыс кабинетіне шақыртты (видео)

Еліміздегі мешіттерде уағыз ақыры орыс тілінде де жүргізілетін болды

Қазақстанда салафизмге тыйым салынбауы мүмкін

Желіде Назарбаев пен Клинтонның тарихи суреттері пайда болды (фото)

Қазақстандық ғалымдардың "қара" тізімі әзірленбек

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1284521-atyraulyq-ayel-quran-ustap-ant-berip-15.html