RU

Голландиялық стюардесса ұшқыштармен жыныстық қатынасқа баратынын мойындады

Нидерланд стюардессасы тура ұшу кезінде өзінің әріптестері – ұшқыштармен жыныстық қатынаста болған.

Бұл туралы Daily Mail ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Әйел өзінің махаббат майданы туралы интимдік күнделігіне жазып қойыпты. Кейін оны компьютерден күйеуі тауып, оқып қояды.

Нидерландтың Transavia Airlines әуе компаниясының стюардессасы стюардтармен және тіпті ұшқыштармен олардың кабиналарында секспен айналысқан. Өзі төрт баланың анасы болып табылатын әйел әріптестерімен бұлайша интимдік қатынасқа жұмыс кезінде, яғни лайнер ұшып бара жатқан уақытта барған.

Хабарланғандай, оның мұнда төсектері болып үлгерген ер кісілердің басым көпшілігі үйлі-жайлы болып шықты. Ал тойымсыз әйел солармен болған әрбір сәтін өзінің интимдік күнделігіне жазып отырған.

Осыларды оқып қойған күйеуі әйелді мұның бәрін жұртқа жария ететінін айтып қорқытқан. Бұған келіспеген әйелі күйеуін тыйым салдыру үшін оның үстінен сотқа шағымданады. Ал соттың бұл істі қарайтын бірінші отырысы 24 қазан күні Гаагада өтетін болып белгіленіпті.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі боксшы кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді

Акуламен бір торда бетпе-бет қалған сүңгуір ажалдан аман қалды (видео)

Патшасы көз жұмған таиландтықтар бір жыл бойы қара жамылып жүрмек

Сырқатынан жазылған Назарбаев Исекешевті жұмыс кабинетіне шақыртты (видео)

Еліміздегі мешіттерде уағыз ақыры орыс тілінде де жүргізілетін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1284587-gollandiyalyq-styuardessa-ushqyshtarmen.html