RU

Қанат Ислам жанкүйерлерінің алдында ашық жаттығу өткізді (фото)

29 қазан күні «Алматы арена» спорт сарайында, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «WBA Fedelatin» белбеуін қорғау және құрлықаралық WBO чемпиондық белбеуі үшін ганалық боксшы Патрик Аллотеймен жекпе-жекке шығатыны белгілі.

Өз елінде өткізгелі отырған жекпе-жек қарсаңында Қанат Ислам бүгін Алматыдағы «Мега» сауда орталығында көпшілік алдында жаттығу өткізді.

Бүгінгі Қанат Исламның ашық жаттығуы сауда орталығының үшінші қабатында өтті. Спорттың қойылымды тамашалауға келген жұрттың қарасы көп.

Осыдан бір ай бұрын 23 қыркүйекте баспасөз мәслихатын өткізген Қанат өз еліндегі алғашқы жекпе-жектің жүгі ауыр екенін айтқан болатын.

«Тұңғыш рет өз елімде кездесу өткізгелі отырмын. Бұл үлкен жауапкершілік. Қарсыласым осал емес. 36 кездесу өткізіп, оның 28-ін нокаутпен жеңген. Жерлестерімнің қолдауына сенемін. Қазіргі жаттығуым IBA академиясында өтіп жатыр», - деген болатын Қанат Ислам.

Бұл спорт кешенінің қазақ жанкүйерлері үшін тағы бір ерекшелігі, онда жас спортшы, Рио Олимпиадасының қатысушысы, Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста алғаш рет өз бағын сынайтынын айта кетейік.

Тағы да оқыңыздар:

"Еуразия" арнасы елбасының атын жазуды неліктен ұмытып жүр?

Келімбетов: Қазақстан экономикадағы қиындықтардан аман өтті

Жұмысында шай ішіп, шылым шегетін шенеуніктер бақылауға алынатын болды

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Голландиялық стюардесса ұшқыштармен жыныстық қатынасқа баратынын мойындады

Атыраулық әйел Құран ұстап ант беріп, 1,5 млн теңгені қолды қылған

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1284635-qanat-islam-zhankuyerlerininh-aldynda.html