RU

Кейкі батырдың бас сүйегін венгриялық мамандар қалыпқа келтіреді

13 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы (ОММ) Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің қолғабысымен Будапешт қаласына Кейкі батырдың бас сүйегі жеткізілді.

 

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары мұражайында ОММ-ның директоры Нұрсан Әлімбай Кейкі батырдың ДНҚ анализін жасау және оның бет бейнесін қалпына келтіру үшін Бас директор Золтан Коршошқа бас сүйекті табыс етті.

Реконструкциялық жұмыстармен мұражайдың антропологиялық бөлімінің басқарушысы Агнеш Куштар айналысады.

Кездесу шеңберінде Н. Әлімбай 1916 жылғы ұлт-азаттық қоғалысының көтерілістік әскерінің қолбасшысы Кейкі батырдың бас сүйегі 93 жылдан кейін туған еліне қайтарылып, оның бет бейнесін қалпына келтіруі барша Қазақстан үшін маңызды тарихи оқиға болып саналатындығын атап өтті.

З. Коршош көрсетілген құрмет үшін қазақ тарапына алғысын білдіріп, мажар мамандары заманауи технологияларды пайдалана отырып, сапалы жұмысты орындайтындығына сендірді.

Биыл Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары мұражайы 214-жылдығын тойлайды. Оның ішінде 10 млн. астам экспонат сақталуда. Сонымен бірге, мұражайдың антропологиялық бөлімі 70-ке жуық бет бейнені қалпына келтіру жұмыс өткізді, оның ішінде Әбілқайыр ханның бет бейнесі де бар.

Мажар антропологтар Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстарды 2016 жылғы желтоқсанына дейін бітіріп тастауды жоспарлауда.

Тағы да оқыңыздар:

Келімбетов: Қазақстан экономикадағы қиындықтардан аман өтті

Жұмысында шай ішіп, шылым шегетін шенеуніктер бақылауға алынатын болды

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Голландиялық стюардесса ұшқыштармен жыныстық қатынасқа баратынын мойындады

Атыраулық әйел Құран ұстап ант беріп, 1,5 млн теңгені қолды қылған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1284657-keyki-batyrdynh-basyn-vengriyalyq-mama.html