RU

Ішімдікке тойып алған ақтөбелік бойжеткен полицейдің қолын тістеп алды

Ақтөбеде ішімдік ішкен бойжеткен полиция қызметкерінің пагонын жұлып, қолын тістеп алды. Сот тәртіп бұзған веб-дизайнерге 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Бұл туралы Керек-инфо хабарлайды.

Оқиға 11 қыркүйек күні 101- Атқыштар дивизиясы даңғылының бойында болған. Көшеде сыра ішіп келе жатқан бойжеткенді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полицейлер тоқтатады. Полицейлер оны медициналық куәландырудан өткізбек болады. Алайда оған қарсылық танытқан бойжеткен жерге құлап, айқайлай бастайды.

Инспекторлар қосымша жасақ шақыртады. Оқиға орнына келген полицейлер қызды әзер дегенде қызметтік автокөлікке отырғызған. Бойжеткен полицейлердің бірін балағаттап, пагонын жұлған. Тіпті, білегі жіңішке болғандықтан, жабық тұрған кісеннен екі рет қолын босатып та алған. Сөйтіп, көлікте отырған полицейдің сол қолынан тістеп алған.

Сот отырысы кезінде 27-жастағы веб-дизайнер Диана Қ. өз кінәсін мойындады. Ол өзін полицияға апарса, бұл жағдайдан отбасы хабардар болатындықтан, бұл әрекетке барғандығын айтты. Бойжеткеннің ата-анасы қайтыс болған, туыстарының үйінде тұрады. Қамқоршысының айтуынша, жетім қалғандықтан Диананың мінезі аздап қиындау.

"Біз жолдасымыз екеуміз мүгедекпіз.Мен екінші топтағы, ал жолдасым үшінші топтағы мүгедек. Тіземнің жоғарысы протез болғандықтан, мен тек күніне 2 сағат қана жүре аламын. Диананы жетім қалғандықтан, біз тәрбиеледік. Диана бізге көмектеседі. Оның жұмыстан келіп, тамақтандырғанын күтеміз. Сондықтан, қатаң жазаламауыңызды сұраймыз", - дейді Қарлығаш Исмағұлова.

11 қазан күні судья Аслан Мұқанов бойжеткенді билік өкіліне күш қолданып, балағаттағаны үшін кінәлі деп тапты. Бойжеткенге 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Тағы да оқыңыздар:

Келімбетов: Қазақстан экономикадағы қиындықтардан аман өтті

Жұмысында шай ішіп, шылым шегетін шенеуніктер бақылауға алынатын болды

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Голландиялық стюардесса ұшқыштармен жыныстық қатынасқа баратынын мойындады

Атыраулық әйел Құран ұстап ант беріп, 1,5 млн теңгені қолды қылған

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1284708-ishimdikke-toyyp-alghan-aqtobelik-boyzh.html