RU

Ақтөбе облысында футбол қақпасы басып қалған оқушы тіл тартпай кетті

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тұмалыкөл ауылында 11 сынып оқушысына футбол қақпасы құлап, оқушы қаза болды.

Бұл туралы Aktobetimes.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қайғылы оқиға 5 қазан күні М.Орынбасаров атындағы ауыл мектебінің футбол алаңында болған.

Aktobetimes.kz редакциясының ақпаратына сүйенсек, 17 жастағы Нұрсерік ауданаралық жарыстан кейін қаза тапқан. Баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен көрінеді.

Шалқар ауданы білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарып отыған Амангелді Қонатбаев жарыс туралы ақпаратты жоққа шығарған.

«Ешқандай жарыс болған жоқ. Оқушылар кешке жақын ауыл шетіндегі футбол алаңына барған. Бұл алаңды оқушылардың өзі жабдықтаған. Нұрсерік қақпаның үстіне шыққан кезде, қақпамен қоса құлаған шығар... Осы іс бойынша бізге комиссия келіп кетті. Комиссияның қорытындысы - қайғылы оқиға...», - дейді ол.

Нұрсерік Тұмалыкөл ауылының мектебіне биыл ғана ауысып келген екен. Бұған дейін Ырғыз ауданына қарасты ауылдардың бірінде білім алған. Марқұмның ата-анасы сол Ырғыз ауданындағы ауылда тұрады.

Тағы да оқыңыздар:

Келімбетов: Қазақстан экономикадағы қиындықтардан аман өтті

Жұмысында шай ішіп, шылым шегетін шенеуніктер бақылауға алынатын болды

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Голландиялық стюардесса ұшқыштармен жыныстық қатынасқа баратынын мойындады

Атыраулық әйел Құран ұстап ант беріп, 1,5 млн теңгені қолды қылған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1284889-aqtobe-oblysynda-futbol-qaqpasy-basy.html