RU

Гүлнұр Оразымбетова Мәдинаның туфлиін киіп бас жүлдені жеңіп алған (фото)

 Қазақстанның өнер жұлдыздары әнші Мәдина Сәдуқасованың 20 жылдық есеп беру концерті қарасаңында қызықты эстафетаны бастап жіберді. Олар ең алғаш әншімен қалай танысқандарын айтып, желіде қызықты естеліктерімен бөлісуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Қызықты естеліктерімен бөліскен жұлдыздардың бірі, Мәдинаның жерлесі - Гүлнұр Оразымбетова. Әнші әріптесімен болған қызықты жайтты есіне алып, сол кезде бірге түскен суреттерін желіге жария етті.

"Бұл осыдан 20 жыл бұрын түскен сурет. Иə, иə Мәдикоштың алғашқы үлкен сахнаға аяқ басқан кезі. Кəдімгідей өзіміздің туып өскен Сыр елінде "Звезда "болып жүрген түріміз ғой. 1999 жылы Мәдина "Жас қанат " байқауында бас жүлде алды. Келесі жылы сол байқауға мен бардым. Дəл сахнаға шығар кезде ырымдап Мәдинаның туфлиін киіп шықтым. Сенесіз бе, сол жылы маған да бас жүлде бұйырды", - деген Гүлнұр Мәдинамен талай қызықты күндерді басынан өткергенін, оның бірсыпарсын енді әншінің 30 жылдық концертінде айтып беруге уәде берді.

Ал әншінің тағы бір досы, өнердегі әріптесі, танымал актер Азамат Сатыбалды Мәдинаның "жылағанының өзі сондай әдемі" деп таңданыс білдіргенін жасырған жоқ.

"Сонау 1999 жыл мен өнер академиясының студенті "Жас қанат байқауының" финалын көруге келгенмін. Конкурсанттардың ішінен саxнадағы ерке қылығымен, жүректі тербейтін нәзік даусымен, ерекше сұлулығымен, табиғи талантымен Мәдина топ жарып бас жүлдені иеленді. Саxнада тұрып анасына телефон шалып көзіне жас алғанда, шіркін мына қыздың жылағанының өзі қандай әдемі деп залда отырып таң қалғаным бар. Содан мен оқуымды жалғастырдым ал Мәдина Астанаға кеткен екен. Арада біраз жыл өтті мен "Таңқалмаңыз" бағдарламасын жүргізіп жүрген кез еді. Досым әрі "Таңқалмаңыз" бағдарламасының продюсері Айнұр Көпбасарова келіп Астанадан келген әнші деп Мәдинаны таныстырғанда бірер минут есеңгіреп тұрып қалғаным бар", - деген Азамат содан бері әншімен достығы ажырамағанын, бір-біріне деген адалдығы уақытпен дәлелденіп жатқанын айтып берді.

Тағы оқыңыздар:

21 жастағы студент «Атырау аруы-2016» атанды (фото)

Ақтөбе облысында футбол қақпасы басып қалған оқушы тіл тартпай кетті

Алматыны дүрліктірген Руслан Күлікбаевтің беймәлім қырлары (фото)

Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшы атанды

Ақтөбеде 10 сынып оқушысы өзінің жерлесінен жүкті болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1284945-gulnur-orazymbetova-madinanynh-tufli.html