RU

Қырғызстандық әке кәмелетке толмаған екі қызын бір күнде күйеуге беріп жіберді

Қырғызстанның солтүстігіндегі Нарын облысы Ақтал ауданының билік өкілдері Азаттықтың Қырғыз қызметіне Байгөншөк ауылының 43 жастағы тұрғыны 16 және 17 жастағы екі қызын бір күнде тұрмысқа бергенін хабарлаған.

Аудан әкімінің орынбасары Жылдыз Мәмбетова «діни салтты қатаң ұстайтын бұл отбасында қыздардың анасы пәрәнжі киіп жүреді» дейді.

Аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясы бұл іс бойынша барлық материалдар жиналып, тергеу орындарына тапсырылғанын хабарлаған. Қыздардың әкесі оларды тым жастай тұрмысқа бердім деп санамайды.

Қырғызстанның отбасы туралы заңы бойынша азаматтарға 18 жасқа толғаннан кейін ғана некеге отыруға рұқсат етіледі деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Тағы оқыңыздар:

21 жастағы студент «Атырау аруы-2016» атанды (фото)

Ақтөбе облысында футбол қақпасы басып қалған оқушы тіл тартпай кетті

Алматыны дүрліктірген Руслан Күлікбаевтің беймәлім қырлары (фото)

Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшы атанды

Ақтөбеде 10 сынып оқушысы өзінің жерлесінен жүкті болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1285080-qyrghyzstandyq-ake-kameletke-tolmagha.html