RU

Таиланд королінің мұрагері қалай өмір сүреді? (фото)

12 қазанда Бангкоктегі Сирират ауруханасында Таиланд королі Пхумипхон Адульядет көз жұмды. Енді мемлекеттік билік оның ұлы 63 жастағы Маха Вачиралонгкорнға өтеді деп хабарлайды qamshy.kz.

Таиланд халқының мұрагер ханзададан гөрі ханшайымның таққа отыруын қалайтынын жазған «АиФ» басылымы Маха Вачиралонгкорнның өрескел әрекеттері туралы ақпараттарды жиған екен. Басылымның жазуынша, Маха Вачиралонгкорн - Таиланд королінің жалғыз ұлы.

Ол үш рет үйленген. 1977 жылы өзінің бөлесі Мом Луанг Соамсавали Китиякарға үйленіп, көп ұзамай ажырасады. Ал 1994 жылы актриса Ювадхида Полпрасетпен некелеседі. Екі жыл өткенде Ювадхида Полпрасет балаларын алып Англияға кетіп қалады.

Осыдан кейін оның балалары королдік титулынан айырылады. Ал 2001 жылы қарапайым отбасынан шыққан Срирасми Акхарапхонгпричаға үйленеді. Таиланд ханзадасы иттерді жақсы көреді. Ол өзінің фуфу деген итіне авиация маршалы деген атақ берген.

Ресми қабылдауларда фуфудың үстіне арнайы форма, аяғына бәтеңке кигізіп қояды екен. 2016 жылы итін құшақтаған Маха Вачиралонгкорн Мюнхенге қысқа топик киіп, денесіндегі татуи таңбаларын көрсетіп, джинсімен барған көрінеді. Бұл сапарында ол жалаңаш аяғына сандалий киіпті.

Тағы оқыңыздар:

Балаларын жақтаған ақтөбелік ата-ана мұғалімді "екіге оқығансың" деп сөккен

Теміртауда осыдан екі ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйті табылды

Үндістанда діни рәсім кезінде 24 адам бірін-бірі таптап өлтірді

Қырғызстандық әке кәмелетке толмаған екі қызын бір күнде күйеуге беріп жіберді

ОҚО тұрғыны айдаһардың жұмыртқасын тауып алды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1285280-tailand-korolininh-murageri-qalay-omi.html