RU

Назым Қызайбай: Бекзат Саттархановтың бокстасу стилі ұнайды

Есімі спорт тарихында алтын әріппен жазылатын боксшы қыз Назым Қызайбай жаз айларында Катонқарағайда жаттығуды жоспарлап жүр. Жуықта нағашы жұрты Катонқарағайға келген Назым Қызайбаймен әңгімелесудің ыңғайы келген деп жазады didar-gazeti.kz.

- Нағашыларыңыз Катонқарағайдан, өзіңіздің туған жеріңіз - Алматы. Отбасыңызда неше баласыздар?

- Иә, Алматы қаласында дүниеге келдім. Әкем Абай Өмірбеков - Райымбек ауданы Нарынқол ауылының тумасы. Әртүрлі жұмыстар істеген кісі. Ал анам Катонқарағай ауданы Жаңаүлгі ауылынан. Үйде алты баламыз. Алмат, Гүлжанар есімді ағам мен әпкем бар. Өзімнен кейін сіңлілдерім Әйгерім, Салтанат және үйіміздің сүт кенжесі Нұрдәулет.

- Былғары қолғап шеберлері арасында әлемді бір емес, екі рет мойындату оңай емес. Жалпы боксқа қалай келдіңіз?

- Өзім Алматыда туғанмен, екінші сыныптан кейін Іле ауданының Жетіген ауылына көшіп кеттік. Тоғызыншы сыныптан кейін спорт мектебіне грантқа түстім. Спорт мектебінің интернатында тұрдым. Күнделікті бокс залының алдынан өтіп жүретінмін. Бірде базардан келе жатсам, жаттықтырушы ағай «бері келші» деп шақырып алды да «сенің жүрісің боксшының жүрісі. Осында келіп тегін жаттығуыңа болады» деді.

Қуанышымда шек жоқ. Үйге барып киімімді ауыстырдым да, спортзалға келдім. Бұрындары өзім де бокс залының сыртынан қарап армандап жүретінмін. Бірақ ол жер ақылы болғандықтан ата-анама ауыртпалық түсірмей-ақ қояйыншы дейтін едім.

- Оған дейін былғары қолғап киіп көріп пе едіңіз?

- Жоқ. Бірақ далада балалармен төбелесіп, алысып-жұлысып жүретінмін. Өзім ешкімге тиіспеймін, өздері ұрынса аямайтынмын. Бірақ одан гөрі, рингтегі ойынға қызығатынмын.

- Спортта әділетсіздік деген де бар ғой...

- Спорттық ойынды қойып өмірде де бар ғой әділетсіздіктер. Ұтып тұрып ұтылуың мүмкін. Ондай болғанның өзінде мойымау керек. Ең бастысы, жеңген-жеңілгеніңді көріп отыратын көрерменің бар.

 

- Боксшы болмасаңыз кім болар едіңіз?

- Спорт өмірімнің бір бөлшегі ғана емес, мәні сияқты. Сондықтан да боксшы болмасам да спорттың басқа түрімен айналысар едім. Бұрындары сурет салуды ұнататынмын. Бірақ кейін қойып кеттім.

- Өзіңіздің бокстасу стиліңіз қай боксшыға ұқсайды? Үлгі тұтатын боксшыларыңыз кім?

- Бекзат Саттархановтың бокстасу стилі ұнайды. Өзімдікі де сол ағамыздың стиліне ұқсағандықтан ба, білмедім. Мысалы, Геннадий Головкин бірден нокаутқа түсіруге тырысады. Мен ұпаймен ұтқанды ұнатамын. Ал шетелдік боксшылардың ішінде Флод Мейвезердің жекпе-жектерін жібермей көремін.

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Әнші Луина продюсерімен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын айтты

Шымкентте түнгі клуб маңында жас жігітті атып кетті

Қайрат Нұртас өзінің әйгілі кумирімен ән айтатын болды (фото)

Атырауда жас жұбайлардың той кортежі жол апатына түсті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1285453-nazym-qyzaybay-bekzat-sattarkhanovty.html