RU

Белгілі ресейлік актер Сергей Безруков қазақ қызының емі үшін ақша жинауда (видео)

Белгілі ресейлік актер Сергей Безруков кішкентай алматылық Әдемі Қуанышқалидың еміне қаржы жинау үшін ұйымдастырылған қайырымдылық аукционын қолдады, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ол өзінің қолтаңбасы бар портретін лотқа ұсынып, осы жағдайға бейжай қарамауға шақырды.

Безруковтың бейнежазбасы Facebook-тегі Анна Токишеваның парақшасында жарияланған.

«Бірнеше жыл бұрын мен осы Қазақстанда «Шынайы ертегі» деп аталатын балаларға арналған фильмді көпшілікке ұсынғанмын. Сонда осы қолтаңбамды қалдырған едім. Осы қолтаңбам Әдеміге қажетті қаражатты жинап, денінің сау болуына көмектеседі деп үміттенем. Қайырымды іс жасайық», - дейді актер.

Сергей Витальевич, Әдемінің ата-анасы және бір топ белсенділер фейсбук қолданушыларын Әдемінің еміне қаражат жинасуға шақырады.

Сергей Безруковтың қолтаңбасы бар фото аукционға шығарылды.  Осы аукционға қатысқыңыз келсе, осы жазбаның астына пікір қалдыра аласыздар. Бастапқы баға – 35 000 теңге. Аукциондағы бір қадам 1000 теңгені құрайды. Ұзақтығы – 1 апта. Нәтижесі 20 қазанда белгілі болады», - деп жазады Анна Токишева.

Жазба жарияланғалы бері лоттың бағасы 260 мың теңгеден асып жығылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1285460-belgili-reseylik-akter-sergey-bezruk.html