RU

Украинаның шығысында ең қатыгез қолбасшыны өлтіріп кетті

"ДХР қорғаныс министрлігі" "Моторола" бүркеншік атымен белгілі Арсен Павловтың өлгенін растады деп жазады centralasian.org.

Павлов - "ДХР жасағы" делінетін топтың командирлерінің бірі болды. "Мотороланың" өлімі туралы ақпаратты бұған дейін "Интерфакс" агенттігі өзінің дереккөздеріне сүйене отырып хабарлаған еді.

Мәліметтерге қарағанда, Павлов тұратын үйдің лифтісінде жарылыс болып, соның салдарынан "Моторола" қайтыс болды деді "Интерфакс" дереккөзі.

Оның айтуынша, шабуылды "украиналық диверсанттардың барлау тобы" жасаған деген болжам бар. "Моторолаға" биыл маусым айында да қастандық жасалған.

Павлов "ДХР-дың" ең бір қатыгез дала командирлерінің бірі ретінде танымал болды. Ресей азаматын адам құқығын қорғаушылар тұтқынға түскен украиналық жауынгерлерді азаптап, Донецк әуежайының қорғаушысы Игорь Брановицкиді өлтірді деп айыптап келді.

Сепаратистер басшылығы "Мотороланы" "Георгий кресті" (өзін өзі дербес республика деп жариялаған топтың ең мәртебелі әскери сыйлығы) және "Әскери ерлігі үшін" орденімен марапаттады.

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Әнші Луина продюсерімен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын айтты

Шымкентте түнгі клуб маңында жас жігітті атып кетті

Қайрат Нұртас өзінің әйгілі кумирімен ән айтатын болды (фото)

Атырауда жас жұбайлардың той кортежі жол апатына түсті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1285480-ukrainanynh-shyghysynda-enh-qatygez-qolb.html