RU

Дәрігерлер бастары қосылып туған егіздердің өмірін құтқарып қалды

АҚШ-та краниопаг егіздерін бөлу бойынша жасалған ота сәтті өтті деп хабарлайды fishki.net басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Монтефиор медициналық орталығында басы бір-біріне жабысып туған егіздерді бөлу отасы сәтті өтті.  Қазір 13 айлық Джейдон (оң жағындағысы) мен Аниас (сол жағындағысы) Макдональдтар 20 сағат бойы жасалған аса қауіпті отадан кейін қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр.

Операцияның тап ортасына келгенде тәжірибелі  дәрігер нейрохирург Джеймс Гудрич ота процедурасын орта жолдан аяқтамақшы да болған. Себебі, егіздердің ми ұлпалары ойлағаннан да көп екені анықталған.

Әрбір тілік жасаған сайын егіздердің жүрек соғысы күрт төмендей берген. Дегенмен, ота қиындығына қарамастан, дәрігер бұл тығырықтан да шығып, балаларды бөлу отасын жалғастыра берген.

Техникалық тұрғыдан Аниас пен Джейсон краниопаг егіздері болып саналады. Олардың ата-аналары 31 жастағы  Николь мен 37 жастағы  Кристиан.

Мұндай құбылыс тек 2,5 миллион балада бір рет кездеседі.

Олардың 40 пайызы өлі туылса, аман туылғандарының үштен бірі 24 сағат ішінде көз жұмады.

80%-ы бөлу отасы жасалмаса, екі жасқа дейін шетінеп кетеді

Ота құны 2,5 млн долларға тең болды.

Отбасы бұл ақшаны медициналық сақтандыру арқылы өтеген.

Қалған жетпей тұрған қаражатты олар көмек қоры арқылы жинап жатыр.

Тағы оқыңыздар:

21 жастағы студент «Атырау аруы-2016» атанды (фото)

Ақтөбе облысында футбол қақпасы басып қалған оқушы тіл тартпай кетті

Алматыны дүрліктірген Руслан Күлікбаевтің беймәлім қырлары (фото)

Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшы атанды

Ақтөбеде 10 сынып оқушысы өзінің жерлесінен жүкті болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1285516-darigerler-bastary-qosylyp-tughan-egi.html