RU

Атышулы Руслан Күлекбаев судьяның сұрағына қырсығып жауап беруде

Бүгін Алматыдағы тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақпарат.

Сот қазақ тілінде өтіп жатыр. Судья Ерлан Болатовтың сұрағына қырсыға жауап беріп тұрған Күлекбаевтан қаза тапқандардың туысқандары қатты жауап беруді талап етті.

Бұған Күлекбаев: «Қажет болса, жақын тұрыңдар» деп зекіп қалды.

Оған залдан: «Өлтіргенді білесің, қатты сөйле!» деп айқайлағандар болды. Сот залды тыныштыққа шақырды.

Сонымен қатар, Руслан Күлекбаевтың қауіпті әрекеттеріне байланысты сот тергеу абақтысында өтуде.

Айта кетейік, Күлекбаев бірнеше қанқұйлы тонау және қарақшылық әрекеттерге қатысты болып отыр. Тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді.

2016 жылдың 12 қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық істің материалдарын зерттеу нәтижесі бойынша, сотқа Күлекбаев пен өзге де азаматтар жолданды. Руслан Күлекбаевқа нәтижесі 8 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің және 2 бейбіт тұрғынның өліміне алып келген террористік акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.

Күлекбаев өзінің әрекетін прокурорлар мен судьялардан кек алғым келді деп түсіндірген.

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Әнші Луина продюсерімен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын айтты

Аяғынан айырылған бойжеткен танымал модель атанды

Нұртас Адамбай ашаршылық туралы кино түсірмекші

Украинаның шығысында ең қатыгез қолбасшыны өлтіріп кетті

Ерке Есмахан 3 миллионның тонын киетінін жасырмай айтты (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1285589-atyshuly-ruslan-kulekbaev-sudyanynh-su.html