RU

Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан полицейдің ата-анасы өлім жазасын талап етті (видео)

17 қазан күні Алматыдағы Тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы өтті деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сот залында Руслан Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан полицей Мейрамбек Рахматуллаевтың анасы Айгүл Танағұлова өлім жазасын талап етті.

«Мен ұлымнан ғана емес, денсаулығымнан да айырылдым. Мұндай адамды халықтың алдына шығарып ату керек. Ату жазасы тек қана ату жазасы берілсін», - деді Айгүл Танағұлова.

Еске сала кетейік, 18 шілде күні Алматыдағы лаңкестік оқиғадан Руслан Күлекбаевтың қолынан ауыр жараланған полиция қызметкері Мейрамбек Рахматуллаев ауруханада 1 тамыз күні көз жұмған болатын.

Полиция лейтенанты Рахматуллаев Мейрамбек Нұридиллаұлы 1992 жылы туған, Алмалы аудандық ІІБ-нің учаскелік инспекторы, ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет істеген. Үйленген.

Видео: ҚазАқпарат

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Әнші Луина продюсерімен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын айтты

Аяғынан айырылған бойжеткен танымал модель атанды

Нұртас Адамбай ашаршылық туралы кино түсірмекші

Украинаның шығысында ең қатыгез қолбасшыны өлтіріп кетті

Ерке Есмахан 3 миллионның тонын киетінін жасырмай айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1285732-kulekbaevtynh-qolynan-qaza-tapqan-pol.html