RU

АҚШ елшілігі америкалықтарға ет асуды үйретіп жатыр (фото)

Қазақстандағы АҚШ елшілігі паста күнін ет пісіріп атап өтпек. Бұл туралы дипломатиялық өкілдік өзінің желі парақшасында хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

«17 қазан Америкада Паста күні деп аталады екен. Біз де АҚШ Бас қонсулдығының #beshintheusa науқанына қосылып, осы мейрамды қазақша етпен бірге атап өтейік! Ал сіз суретте белгіленген қазақша ет құрамдарын білесіз бе?», - делінген елшіліктің Facebook-тегі ресми парақшасында (орфографиясы сақталған).

Еске сала кетейік, Қазақстандағы АҚШ Бас консулдығы АҚШ пен Қазақстан арасындағы достықтың 25 жылдығы құрметіне «Америкалыққа қазақша ет ұсын -#beshintheusa» шарасын ұйымдастырған. Оның талаптарына сәйкес оған қатысушылар ет асып, америкалықтар мен қазақстандықтардың бір дастарханда отырғанын фотоға түсіруі тиіс.

2016 жылдың 5 қыркүйегіне қарай шараға 29 штат қосылды.

Еске сала кетсек, 2015 жылы 6 шілдеде Астана күнінде елорда аспаздары салмағы 700 келілік қазақша ет әзірледі. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енді.

АҚШ-қа пастаны елдің үшінші президенті Томас Джефферсон 1789 жылы жеткізген. Ол макарондарды ғана емес, сонымен қатар паста дайындауға арналған машина апарған. АҚШ-та макарон өнімдерін өндіретін алғашқы зауыт 1848 жылы ашылды. Оны нью-йорктік Бруклинде француз Антуан Зерег ашты.

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Әнші Луина продюсерімен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын айтты

Аяғынан айырылған бойжеткен танымал модель атанды

Нұртас Адамбай ашаршылық туралы кино түсірмекші

Украинаның шығысында ең қатыгез қолбасшыны өлтіріп кетті

Ерке Есмахан 3 миллионның тонын киетінін жасырмай айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1285828-aqsh-elshiligi-pasta-kunin-qazaqsha-etpe.html