RU

«Ықылас» сүресін естіп ерекше сезімге бөленген тележүргізуші ислам дінін қабылдады

Иорданиялық христиан тележүргізуші Ауни Кандах Ислам дінін қабылдаған. Ол бұл шешімі туралы ол сенбі күні өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді деп жазады Muftyat.kz.

Араб тіліндегі басылымдардың біріне берген сұхбатында Ауни Кандах Алланың хақ дінін қабылдауға ең басты себепкер құран аяттары екенін айтқан. «Ықылас» сүресі оған ерекше әсер еткен.

Сондай-ақ, Кандах бұл ісін мұсылман достары мен көршілері қуана қабыл алғанын айтты. Келесі қадамда дін жайлы білімін тереңдеткісі келетінін жеткізді.

Иорданияда бүгінгі таңда 5%-ға жуық мәсіхшілер тұрады. Айта кету керек, Иорданияда дін бостандығы заң бекітілген.

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Әнші Луина продюсерімен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын айтты

Аяғынан айырылған бойжеткен танымал модель атанды

Нұртас Адамбай ашаршылық туралы кино түсірмекші

Украинаның шығысында ең қатыгез қолбасшыны өлтіріп кетті

Ерке Есмахан 3 миллионның тонын киетінін жасырмай айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1285909-yqylas-suresin-estip-erekshe-yqylas.html