Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдың 51 кәсіпорынды Қазақстанға көшіруінің астарында не жатыр?

Опубликовано:

Қыркүйектің басында Қытайда өткен G20 саммиті кезінде «Синьхуа» агенттігі мен басқа да ақпарат құралдарына сұхбат берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдан Қазақстанға 51 кәсіпорын көшірілетіндігін хабарлаған болатын.

Жобалардың жалпы құны – 26 миллиард АҚШ долларына тең. Бұл қандай кәсіпорындар және олардан Қазақстанға төнген қауіп бар ма?

Бұл сауалдардың жауабына Корреспондент басылымы жауап іздеп көрді.

Инвестициялар және даму министрлігі мен «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттiгi өкілдерінің айтуынша, бұл кәсіпорындар «Қазақстан-Қытай индустриалды-инвес-тициялық ынтымақтастық бағдарламасы» аясында салынатын болады.

«Бұл «қатып қалған» тізім емес. Әрбір жобаны талқылаймыз, экономика өзгеруі ықтимал, мүдделеріміз өзгеруі мүмкін, соған байланысты кейбір жобаларды бұл тізімнен шығарып жіберуімізге болады. Кейбір жобаларды, керісінше, енгізуіміз мүмкін. Олар өндірген өнімдер негізінен экспортқа, тікелей Қытайға жіберіледі. Біз үшін бұл – үлкен олжа. Бізде Қытайдың өте үлкен, көлемді нарығы пайда болады. Қытай қазір әлемде ірі инвестор елдердің біріне айналды. Мысалы, Еуропа Одағының мемлекеттері Қытай инвестициясы үшін арнайы бағдарламалар жасап жатқандығын мен білемін. Осының барлығы өз елдеріне Қытай инвестицияларын тарту үшін жасалуда. Қазақстанға бұл мүмкіндікті пайдаланбау, осындай ірі инвестормен көрші тұрып, оның инвестицияларын тартпау үлкен ақымақтық болар еді», - деп атап өткен еді Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаиров.

Ал белігіл журналист Марат Тоқашбаев бұл әрекеттердің негізінде үш себеп жатқанын айтады.

«Қытай еш нәрсені жайдан-жай жасай салмайды. Бұл әрекеттердің негізінде үш себеп жатыр. Біріншіден, алысты көздейтін саяси себеп – бұл Қытайдың бейбіт экспансиясы. Жер көлемі орасан Қазақстан Қытайды бұрыннан қызықтырып келеді. Қытайға қандай себеппен болса да өзінің Қазақстанға жаппай енуін қамтамасыз ететін жобалар ауадай қажет. «51 кәсіпорын» – соның таптырмас жолы. Ал Қытай бір кірген жерінен шықпайды. Ресейдің Қытайға жалға берген жері – соның дәлелі. Екіншіден, бізге көшірілетін зауыттар Қытайдың экологиялық проблемаларын Қазақстанға көшіреді. Өйткені дәл бүгінде Қытай экологиялық қиындықтардың ауыр зардаптарын бастан кешіруде. New York Times газеті атап өткеніндей, Қытайдың мемлекеттік кәсіпорындары, әсіресе, Қытайдың мұнай, химия корпорациялары мен энергетикалық компаниялары халықтың денсаулығынан гөрі табатын экономикалық пайдасын жоғары қояды. Үшіншіден, Қытай жағы «міне, сіздерге 51 зауытымызды бердік, енді өздеріңіз істей беріңіздер» деп қарап отырмайды. 51 зауыт орташа есеппен әрқайсысы мың адамнан жұмысшы, маман кіргізетін болса, 51 мың қытай кіреді деген сөз. Оларға қытай мұғалімдері, қытай дәрігерлері, қытай аспаздары керек болады», - дейді журналист.

Басылымның жазуынша, қытайлық инвесторларға салық жөнінен айтарлықтай үлкен жеңілдіктер жасалмақ. Егер инвестор Қазақстанның 6 басым бағытына: химия, мұнай-химия, машина жасау, құрылыс материалдары, тамақ өнеркәсібі салаларына 2 млн АЕК немесе 13 миллион АҚШ долларын салатын болса, үш салықтан босатылады.

Он жылға дейін корпоративті салық, он жылға дейін жер салығы, сегіз жылға дейін меншіктегі мүліктік салық салынбайды. Хаировтың айтуынша, бұл бағдарлама шеңберінде Қытайдан өндірістер көшірілмейді, керісінше, жаңа өндірістер құрылады.

Аталмыш 51 жоба тау-кен, машина жасау, энергетика, химия, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп салаларын қамтып отыр, яғни олардың барлығы мемлекеттің индустриалды даму басымдықтарына жауап береді. Бұлардың негізгі бөлігі дайын өнім шығаратын болады.

Шикізатты өндіруші жобалар мұнда жоқ, негізінен, олар — өңдеуші кәсіпорындар. Қытаймен бірлесіп салынатын 50 жоба Қазақстанның барлық облыстарына бірдей көлемде таралмақ.

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Әнші Луина продюсерімен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын айтты

Аяғынан айырылған бойжеткен танымал модель атанды

Нұртас Адамбай ашаршылық туралы кино түсірмекші

Украинаның шығысында ең қатыгез қолбасшыны өлтіріп кетті

Ерке Есмахан 3 миллионның тонын киетінін жасырмай айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1286036-qytaydynh-51-kasiporyndy-qazaqstangha-ko/

pixel