RU

Өзбек азаматы Атырауда 10 жыл бұрын жоғалып кеткен інісін іздеп шарқ ұруда (фото)

10 жыл бұрын ағайынды Шихназар мен Баходир Хасановтар Атырауға өзбек қаласы Үргеніштен ақша табуға келген, ал төртінші күні Баходир аяқ астынан жоғалып кетеді.

Ата-аналары әлі күнге дейін кенже ұлдарының аман-есен ораларына үміттеніп отыр деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Шихназар Хасанов осы күнге дейін сол кезде оның бауырының әрекетінен секем аларлық нені байқауым тиіс еді, қандай қауіптің алдын алуым тиіс еді деп бәрін бастан аяқ еске түсіруге тырысады. Бірақ, оның ойына ештеңе түсер емес.

"Мен көп жылдан бері Атырауға келіп нәпақа тауып жүрмін. Сондықтан қала маған етене таныс. Көп жолдас, таныстарым да осында. 2006 жылы 12 наурызда бауырым Баходир және бірнеше жігітпен бірге Атырауға жұмысқа келдік. Бізге Аманшин көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысынан жұмыс табыла кетті. Біз түстікті обьект басынан ішіп жүрдік, отызға жуық адам бармыз. 16 наурыз күні әдеттегідей түскі үзілістен кейін бірі демалып, екіншісі темекісін тартуға кетті... Түстен кейін іске кірісерде бауырымды көрмедім, келер деп мән бермей жұмыс істей бердім. Бірақ, кеш түскенде де ол келген жоқ, осы кезде мен алаңдай бастадым. Соңғы рет оны сыртқа шығып кеткеннен кейін ешкім көрмеген. Інім ертесіне де келмеді. Содан бері он жыл өтті", - деген Шихназар інісінің Атырауға бірінші рет келуі деп сол уақытты есіне алды.

"Оның қалтасында ақша да, құжаты да болған жоқ, Ол бұл қалада ешкімді танымайтын. Оны өлтіріп тастады дейтіндей де негіз жоқ. Мүмкін оны біреу күштеп ұстап отырған болар?", - дейді Шихназар Хасанов.

Шихназар үшін бауырынан айрылып үйге оралуы үлкен соққы болды. Ол әке-шешесіне не деп айтарын білмеді. Жыл сайын Атырауға келгенде сол бауыры жоғалып кеткен Аманшин көшесіндегі үйдің қасына барып кетеді.

"Полиия жұмысшылардан түсініктеме алды. Қылмыстық іс көтерілетінін де айтқан еді. Бірақ содан бері іздестіру жүріп жатыр дегенмен бауырым не өлі, не тірі табылмауда. Жақында облыстық прокуратуға да арыз түсірдік", - дейді Шихназар Хасанов.

Шихназардың анасы жоғалып кеткен ұлын жоқтап, жылай-жылай көзі суалыпты. Отбасы бақсыға барған кезде ол Баходирдің тірі табылатынын айтыпты. Олар соған үміттеніп отыр.

Хасановтар отбасында жеті бала бар: екі қыз, бес ұл. Үлкендері отбасын құрған, үйлі-баранды, ал Баходир жоғалып кетерінде үйленбеген болатын. Биыл ол 32-ге келеді. Үргеніште тұрып жатқан ата-аналары Баходирдің бір күні өз үйінің босағасын аттап кіріп келеді, ал кейін олар ұлан-асыр үйлену тойын жасап, кіші ұлымен бір шаңырақ астында бірге тұратын болады деген үміттерін жоғалтқысы келмейді.

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Әнші Луина продюсерімен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын айтты

Аяғынан айырылған бойжеткен танымал модель атанды

Нұртас Адамбай ашаршылық туралы кино түсірмекші

Украинаның шығысында ең қатыгез қолбасшыны өлтіріп кетті

Ерке Есмахан 3 миллионның тонын киетінін жасырмай айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286054-ozbekstandyq-azamat-atyrauda-10-zhyl-bur.html