RU

Сырқатынан жазылған Назарбаев ресми сапармен Қырғызстанға бармақ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қырғызстан СІМ Эрлан Абдылдаевпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Таңертең Қазақстан президетімен өте маңызды кездесу өтті. Бізді Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, қырғызстандық әріптесімнің екіжақты қатынас, перспектива, аймақтық жағдайдың дамуы туралы көзқарасын тыңдады. Елбасы Қазақстан мен Қырғызстанның саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық, жастар саласындағы арақатынасы мінсіз болуы керектігін, өзара қатынастың кешенді бағдарламасын әзірлеу керектігін айтты», – дейді Ыдырысов.

«Біз мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары туралы сөз қозғадық. Екі ел арасындағы жоғары мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысын өткізу үшін Қазақстан президентінің Қырғызстанға ресми сапарына ыңғайлы уақытты қарастырамыз», – дейді министр.

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапарына тыңғылықты дайындалатындығын жеткізді.

«Меніңше, жыл соңында немесе келесі жылдың бірінші тоқсанында келеді. Мұнымен қоса, жоғары мемлекетаралық кеңес отырысында маңызды мәселелер талқыланады. Бұл – шекарадағы тәртіп, сондай-ақ, елдеріміздің ынтымақтастығын бірнеше жылға алдын ала дамытудың кешенді бағдарламасының келісімі», – дейді Эрлан Абдылдаев.

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Әнші Луина продюсерімен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын айтты

Аяғынан айырылған бойжеткен танымал модель атанды

Нұртас Адамбай ашаршылық туралы кино түсірмекші

Украинаның шығысында ең қатыгез қолбасшыны өлтіріп кетті

Ерке Есмахан 3 миллионның тонын киетінін жасырмай айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286072-syrqatynan-zhazylghan-nazarbaev-resmi.html