RU

31 млн доллар пара алған қытайлық шенеунік өлім жазасына кесілді

Қытайдың Энергетика істері жөніндегі басқармасының қызметкері Вэй Пэнъюань 31 млн доллар пара алғаны үшін өлім жазасына кесілген. Үкім екі жылдан кейін орындалмақ деп хабарлайды reactor.inform.kz.

БАҚ дерегі бойынша Вэй Пэнъюань аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып, көмір саласына жауапты болған.

Әдетте Қытай сотының өлім жазасына қатысты үкімі жылдам орындалады.

Ал егер сот өлім жазасы туралы үкім шығарып, оны орындауды кейінге шегерсе, сотталушының ажалдан аман қалуына мүмкіндігі бар. Жасаған ісіне өкініш білдіріп, түзелуге талпыныс танытса оған кесілген үкім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе ұзақ уақыт абақтыға қамау жазасына алмастырылуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар:

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Әнші Луина продюсерімен 5 жылдан бері азаматтық некеде тұратынын айтты

Аяғынан айырылған бойжеткен танымал модель атанды

Нұртас Адамбай ашаршылық туралы кино түсірмекші

Украинаның шығысында ең қатыгез қолбасшыны өлтіріп кетті

Ерке Есмахан 3 миллионның тонын киетінін жасырмай айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286108-31-mln-dollar-para-alghan-qytaylyq-sheneun.html