RU

Кривошеев: Астана әуежайының басшысы елден кетіп қалды

 Астана қаласы әуежайының басшысы Паоло Ричиотти елден кетіп қалды. Бұл туралы экономикалық шолушы Денис Кривошеевтің Facebook парақшасында жазған жазбасынан белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Астана астаң-кестең. Органдар Паоло Ричиоттидің елден қалай кетіп қалғанын анықтауға тырысып бағуда. Оның Көкшетау ісі бойынша тергеуде екені, 10 миллионды жергілікті әуежайға еш кедергісіз бере салғаны белгілі», - деп жазады блогер.

Ол сенімді дереккөздерге сүйене отырып, Паоло Ричиоттидің 15 қазанда 14:45-те КС-941 Астана-Лондон рейсімен ұшып кеткені жөнінде хабарлады.

«Билет тек бір жаққа алынған. Қол жүгімен ғана ұшып кетті. Оның маңайындағылар қашан оралатынын білмейді», - дейді Кривошеев.

Денис Кривошеев Паоло Ричиотти тұсында әуежайдың жұмысында 2 миллиард теңге мөлшерінде заң бұзушылыққа жол берілгенін еске түсірді.

Кривошеев осы іс бойынша шара қолдануға шақырды.

«Өйткені алдағы жылы ЭКСПОның сәтті өтуі әуежайдың дайындығына тікелей байланысты», - дейді шолушы.

Тағы оқыңыздар:

Қытайдың 51 кәсіпорынды Қазақстанға көшіруінің астарында не жатыр?

Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан полицейдің ата-анасы өлім жазасын талап етті (видео)

Италияда тәулік бойы тегін берілетін шарап тұрғындарды қуантып тастады

АҚШ елшілігі америкалықтарға ет асуды үйретіп жатыр (фото)

Сырқатынан жазылған Назарбаев ресми сапармен Қырғызстанға бармақ

Өзбек азаматы Атырауда 10 жыл бұрын жоғалып кеткен інісін іздеп шарқ ұруда (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286180-krivosheev-astana-auezhayynynh-basshysy.html