RU

Әйгілі сәнгер Лилия Рахтан жәбір көрген Өзбекстан азаматы күтпеген жерден шағымынан бас тартты

Әйгілі сәнгер Лилия Рахтан жәбір көрген Өзбекстан азаматы оған қатысты қылмыстық істі доғаруды сұрады деп хабарлайды КТК арнасы.

Кеше Алматыда Лилия Рахтаның іс бойынша сот басталды. Сән әлемінің сылқымы 33 жастағы Хамро Сувановты еркінен тыс бас бостандығынан айырғаны және оған күш көрсеткені үшін істі болып жатыр. Айыпталушылар орындығында Рахтың сыбайластары да бар.

Салтанатты кештерден қалмайтын келіншекті сот отырысына оның достары мен клиенттері қолдауға келген. Ал Рахтың өзі осыдан 3 ай бұрын қамауға алынған болатын. Ол әлемдегі бренд маркалы киім-кешектерді Қазақстан нарығына алғаш әкеліп, фешн-индустрия саласында зор бедел жинаған еді. Дәл осы шүберектер үшін ол темір торға түсіп отыр.

Себебі, Өзбекстан азаматы одан қарызға ақша алып қайтармаған екен. Сол үшін Лилия Рах Мири Паз, Ислам Месіров және Бақыт Шалбаевпен бірлесе жалдамалы пәтер алып, оны тұтқында ұстапты.

Бірақ жәбір көрген Хамро Сувановтың өзі күтпеген жерден сәнгерге қатысты қылмыстық істі доғаруды сұрады. Айта кетейік, Лилия Рах Sauvage бутигінің иесі және 2015 жылы сән әлемінің 500 беделді тұлғасының тізіміне кірген.

Тағы оқыңыздар:

"Ислам мемлекеті" соғысудан қашқан сарбаздарын 3 метрлік зынданға тастап жатыр

Француздар бір жынысты некеге тыйым салуды талап етіп, алаңға шықты (фото)

Қазақстандықтар жиі сатып алатын көлік анықталды

Серік Қонақбаев бастаған бірқатар танымал тұлғалар Лилия Рах үшін кепіл болуда

Қытайдың 51 кәсіпорынды Қазақстанға көшіруінің астарында не жатыр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286488-aygili-sanger-liliya-rakhtan-zhabir-korg.html