RU

Оқушысының басынан кітаппен бір-ақ ұрған маңғыстаулық мұғалімнің әрекеті жаға ұстатты

Оқушыны кітаппен басынан ұрып, мүгедек етті деген маңғыстаулық ұстазға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Облыстық сот тарих пәнінің мұғалімі Ербол Жүсіповтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады деп хабарлайды 31 арна.

Кінәлі деп танылған жас маман бұрынғы оқушысына 250 мың теңге моральдық шығын өтейді. Сондай-ақ, мемлекетке 56 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Бұған қоса, бес жылға мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Үкім бүгін заңды күшіне енді.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау-4 елді мекеніндегі №11 орта мектептің мұғалімі Ербол Жүсіпов сабақ үстінде оқушының басынан кітаппен екі-үш рет ұрып, соның кесірінен баланың денсаулығына зиян келген. Содан бері шәкірт үйден оқытылады.

"Сол күні кешке соттың хатшылары соғып, ертең сот болады деді. Ал бұған дейін бұл іс қараусыз қалып, әртүрлі сылтаулармен қаралмайтын. Енді міне жаңа соттан шықтық. Сот үкімі өзгеріссіз қалды", - дейді жәбірленген оқушының анасы Жанымай Әженова.

Тағы оқыңыздар:

"Ислам мемлекеті" соғысудан қашқан сарбаздарын 3 метрлік зынданға тастап жатыр

Француздар бір жынысты некеге тыйым салуды талап етіп, алаңға шықты (фото)

Қазақстандықтар жиі сатып алатын көлік анықталды

Серік Қонақбаев бастаған бірқатар танымал тұлғалар Лилия Рах үшін кепіл болуда

Қытайдың 51 кәсіпорынды Қазақстанға көшіруінің астарында не жатыр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286507-oqushysynynh-basynan-kitappen-bir-aq-ur.html