RU

Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш ағайындыға қатысты тағы бір дерек шықты

Жамбыл ауданына мал сатуға барып, артынша мүрделері табылған Ұзынағаштағы үш ағайындыны ұрланған мылтықпен атып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мылтықты иесі 2 ай бұрын жоғалтқан. Бұл жөнінде Алматы облысы прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Әлібек Мырзабеков мәлім етті.

Қазіргі таңда Алматы облысында қару-жарақ тонау фактілері жиілеп кеткен. 200-ден астам қару-жарақ ұрланған қару тізімінде тұр. Облыстық прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, олардың ешқайсысы табылмаған.

Негізінен қаруды жеке тұрғын үйлерден кейде сейфтерімен қоса қолды қылады. Ұрланған қару тек қылмыс жасалғанда ғана әшкереленіп жатады. Қазіргі таңда Алматы облысы тұрғындарының қолында 24 мың бірлік қару ресми тіркеуде тұр.

Алматы облыстық прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокурорының айтуынша, кез келген азамат облыс арасында көшіп-қонған жағдайда тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына барып, қаруын тіркетуі тиіс. Сондай-ақ күзет агенттіктерімен арнайы келісім шартқа отыру керек. Сол кезде жоғалған қаруды жылдам анықтауға мүмкіндік туады.

Тағы оқыңыздар:

"Ислам мемлекеті" соғысудан қашқан сарбаздарын 3 метрлік зынданға тастап жатыр

Француздар бір жынысты некеге тыйым салуды талап етіп, алаңға шықты (фото)

Қазақстандықтар жиі сатып алатын көлік анықталды

Серік Қонақбаев бастаған бірқатар танымал тұлғалар Лилия Рах үшін кепіл болуда

Қытайдың 51 кәсіпорынды Қазақстанға көшіруінің астарында не жатыр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286526-uzynaghashta-ayuandyqpen-oltirilgen-u.html