RU

Атышулы Ташкент тас жолында тағы жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апаттары жиі болатын Ташкент тас жолында тағы бір ірі көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 16 қазан күні Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 737-шақырымында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан. Автобусты 1973 жылы туған Шымкент тұрғыны жүргізген, ал жүк көлігін 1991 жылы туған Сайрам ауданының тұрғыны тізгіндеген. Екеуі де бір бағытта қозғалып келе жатқан.

Оқиға салдарынан 20-25 жастағы ер адам қаза тапты, полиция оның аты-жөнін анықтау үстінде. 9 адам Қазығұрт ауданының ауруханасына жатқызылса, тағы екі зардап шегуші - ер адам мен әйелді «жедел жәрдем» көлігі Шымкенттің жедел медициналық жәрдем ауруханасына алып келді.

«Ер адам бас-ми жарақатын алған және миы шайқалған. Әйелдің халі одан да ауыр. Ол әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Жабық бас-ми жарақатынан бөлек, әйелдің жамбас сүйектері мен екі аяғының жіліншіктері сынған», - деді Шымкент жедел жәрдем ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Тағы оқыңыздар:

"Ислам мемлекеті" соғысудан қашқан сарбаздарын 3 метрлік зынданға тастап жатыр

Француздар бір жынысты некеге тыйым салуды талап етіп, алаңға шықты (фото)

Қазақстандықтар жиі сатып алатын көлік анықталды

Серік Қонақбаев бастаған бірқатар танымал тұлғалар Лилия Рах үшін кепіл болуда

Қытайдың 51 кәсіпорынды Қазақстанға көшіруінің астарында не жатыр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286537-atyshuly-tashkent-tas-zholynda-taghy-zhant.html