RU

Ерке Есмахан туған еліне барып, жерлестеріне ән салып бермекші

Танымал әнші Ерке Есмахан кішкентай кезінде ән салған мәдениет үйіне барып, жерлестерімен көрісіп қайтпақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасына жазды.

Ол "Елімнің Еркесімін" атты концерттік гастрольдік сапарын өзінің туған жерінен бастамақ.

"Кішкентайымнан ән салған, Ырғызымның "Арай" мәдениет үйінде күтемін!", - деп жазды ол.

Мұны көрген желі қолданушылары қатты қуанып қалды.

"Жолда Хромтауға соғыңыз", "Қобда ауданына қашан қоясыз концерт?", "Сәттілік тілеймін Ерке. Бәрі есімде. "Маленькая страна" деп əн салатынсың. Еліңнің еркесі боп жүре бер! Света Сегізбайқызы", "Қарабұтаққа кашан келесіз?", "Сіздің кешіңізді бәрі күтіп жүр", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге салсақ, Ерке Есмахан өзге де әншілер секілді концерттік сапарға шығып, еліміздің әр ауданына барып концерт бермекші. Оның бүтін республиканы қамтитын турнесі 24 қазан күні басталмақ.

Тағы оқыңыздар:

"Ислам мемлекеті" соғысудан қашқан сарбаздарын 3 метрлік зынданға тастап жатыр

Француздар бір жынысты некеге тыйым салуды талап етіп, алаңға шықты (фото)

Қазақстандықтар жиі сатып алатын көлік анықталды

Серік Қонақбаев бастаған бірқатар танымал тұлғалар Лилия Рах үшін кепіл болуда

Қытайдың 51 кәсіпорынды Қазақстанға көшіруінің астарында не жатыр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286543-erke-esmakhan-tughan-eline-baryp-zherles.html