RU

Венесуэла түрмесінде ашыққан тұтқындар камераластарын сойып, жеп қойды

Венесуэланың Тачира қаласындағы түрмеде қамалып жатқан тұтқындар бүлік кезінде өздерінің бірнеше камераласын жеп қойды. Бұл туралы The Independent ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Қаза тапқандардың бірінің әкесі Хуан Карлос Эррара баспасөз қызметкерлері алдына арнайы шыққанында осыны айтып берді. Ол жағдай тыншып, қалыпқа келгесін бірнеше күннен кейін түзету мекемесі сонда барып шыққанын баяндады. Сол кезде тұтқындардың бірі өз көзімен көрген сол оқиға жайында айтып берген.

«Менің ұлым мен тағы екі тұтқынға 40 адам бас салған. Қаныпезерлер пышақпен олардың денелерін кескілеп тіліп, сойып тастаған. Соңынан Дорангель (Дорангель Варгас – Венесуэланың кісі өлтіргіші және каннибалы) денелерді бөлшектеп, басқаларға жеуге берген», – деді Эррара.

«Мен құдайдын ұлымның ең болмаса бір бөлік сүйегін тауып бер деп жалбарынамын. Мен соны қара жердің қойнына берсем, көңілім тыншыр еді», – деді ер кісі.

Венесуэла түрмелер министрі Ирис Варела ханым екі еркектің жоқ болып кеткенін растады. Бірақ каннибализм фактісі әлі анықталмағанын айтты.

Тачирадағы бүлік 8 қыркүйекте бұрқ етті. Ол тұтқындардың сегіз келуші кісі мен екі күзетшіні кепілге алуынан басталды.

Тағы оқыңыздар:

Сағыз шайнату, құдаларға ұн жағу: Қазақтың ең қызық дәстүрлері қандай?

Атышулы Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыптарды мойындап жатыр

Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш ағайындыға қатысты тағы бір дерек шықты

Оқушысының басынан кітаппен бір-ақ ұрған маңғыстаулық мұғалімнің әрекеті жаға ұсатты

Әйгілі сәнгер Лилия Рахтан жәбір көрген Өзбекстан азаматы күтпеген жерден шағымынан бас тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286549-venesuela-turmesinde-ashyqqan-tutqyn.html