RU

Маңғыстауда жасы 50-ден асқан әйелдің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)

«Ештен кеш жақсы». Маңғыстау өңірінде 50 жастан асқан әйел ұзатылып, туыстарымен жылап қоштасты, деп хабарлайды NUR.KZ.

Желіде егде жастағы әжейдің үйінен ұзатылып жатқан сәтінің видеосы желіні жарды. Онда қазақтың ұлттық камзолын киген әжей туыстарымен жылап қоштасып жатқанын байқауға болады. Аталған видео желі қолданушыларын таңырқатты. Тіпті қызу талқыға салынып, жұртшылықтың ойы екіге бөлінді. Басым көпшілігі әжейге бақыт тілеп, әрекетіне таңдай қақты. Сонымен қатар жасы келген оның бұнысын ерсі көріп, сынның астына алғандар да табылды.

«Үлкендеріміздің ақылы азайып бара жатқан сияқты. Ұят нәрсе ғой енді осынша жасқа келіп осылай істегені», «Барсакелмеске кетіп жатқан жоқ, несіне сонша жылайды» деп жазды желі қолданушылары. Тағы бірі мұндай жағдайға таңырқай қараудың қажеті жоқ екенін, себебі жуырда өзінің де 55 жастағы туысы қазақтың барлық дәстүріне сай ұзатылғанын мәлімдеді.

Ал төмендегі фотодан кейін әйжейдің беташары болғанын байқауға болады.

Видео авторы: Saya Akba

Тағы оқыңыздар:

Сағыз шайнату, құдаларға ұн жағу: Қазақтың ең қызық дәстүрлері қандай?

Атышулы Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыптарды мойындап жатыр

Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш ағайындыға қатысты тағы бір дерек шықты

Ақтөбені дүрліктірген лаңкестерге қатысты сот отырысы басталды (фото)

Әйгілі сәнгер Лилия Рахтан жәбір көрген Өзбекстан азаматы күтпеген жерден шағымынан бас тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286602-manhghystauda-zhasy-55-ke-kelgen-ayeldinh-uz.html