RU

Ақтөбені дүрліктірген лаңкестерге қатысты сот отырысы басталды (фото)

Ақтөбеде 5 маусым күні қарулы қақтығыс жасаған 9 адамның ісі алдын ала тыңдалып жатыр. Қылмыстық істің судьясы – облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұрлан Сұлтанов, деп хабарлайды BNews.kz.

«Сот залында сотталушыларға барлық жағдай жасалған. Оларға арнайы тұрмыстық қажеттіліктер орнатылды. Ас ішетін орын, әжетхана жасақталды. Ал сот ғимаратында 20 бейнекамера орнатылған. Екі аудио жазба құралы да бар. Сонымен қатар, сотталушылардың әр қадамын бақылап отыру үшін ғимаратқа камера түгел орнатылды», - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова.

Айта кетейік, 29 сотталушыны 27 адвокат қорғайды. 201 томнан тұратын қылмыстық істе 88 жәбірленуші, 48 куәгер бар. Бүгін алдын ала сот тыңдауына сотталушылардың туыстары келген жоқ.

Ал сотталушыларды арнайы күзет жергілікті уақытпен 7:30-да әкелді. Сот ғимаратын жергілікті полиция қоршап, қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Қаладағы Шәмші Қалдаяқов көшесі уақытша жабылды.

5 маусыдағы оқиғалар хронологиясын видеодан көре аласыздар.

Тағы оқыңыздар:

Сағыз шайнату, құдаларға ұн жағу: Қазақтың ең қызық дәстүрлері қандай?

Атышулы Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыптарды мойындап жатыр

Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш ағайындыға қатысты тағы бір дерек шықты

Оқушысының басынан кітаппен бір-ақ ұрған маңғыстаулық мұғалімнің әрекеті жаға ұсатты

Әйгілі сәнгер Лилия Рахтан жәбір көрген Өзбекстан азаматы күтпеген жерден шағымынан бас тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286749-aqtobeni-durliktirgen-lanhkesterge-q.html