RU

Туған қызын пышақтап өлтірген қостанайлық әке жұртты шошытты

Қостанай облысының мамандандырылған соты 48 жастағы Сергей Вотчильге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды деп хабарлайды Қостанай таңы.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 шілдеде Қарасу ауданының Комсомольский ауылында Сергей Вотчиль түскі ас үстінде үш рюмка арақ ішіп алып, ұйықтауға жатқан. Сол уақытта үйге құрбыларын қасына ертіп 26 жастағы үлкен қызы келеді. Қыздар ауладағы үстел үстінде бір шөлмек "жынды суды" қақ бөліп ішіп алған.

Бойжететкендердің шуылынан оянып кеткен үй иесі қызына ескерту жасап жекиді. Кикілжің соңы қыз бен әке арасындағы қызыл шеке төбелеске дейін ушығады. Құрбылары араға түспегенде кикілжің оңай басылмас еді.

Алайда, Вотчиль қызының масқаралауына төзе алмай, асүйден пышақ алып шығып, өз баласын өлтіріп қояды. Сот Сергей Вотчильді айыпты деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол енді жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтейді.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда жасы 60-тан асқан әженің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)

Ұлынан айырылған аналар сотқа келген Күлекбаевтың әйеліне бас салды (видео)

Атышулы Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыптарды мойындап жатыр

Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш ағайындыға қатысты тағы бір дерек шықты

Ақтөбені дүрліктірген лаңкестерге қатысты сот отырысы басталды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286931-tughan-qyzyn-pyshaqtap-oltirgen-qostan.html