RU

Моңғолиядағы байқауда қазақ жігіті төрешіні өзіне ғашық етті (видео)

Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында өткен Mongolia’s got talent жобасына қатысушы Нұрбек Жанарбекұлы есімді жас өнерпаз таланттар сайысына әйгілі «Молдабайдың әнімен» шықты.

Оның орындауындағы құйқылжыған әннің кереметтігіне тәнті болған төрешілер Нұрбекке ризалықтарын білдірді, дейді BAQ.kz.

Нұрбектің өнерін бағалаған төрт төрешінің бірі «Маған таланттар бәйгесіне қатысушы көптеген жігіттер ғашық болды. Ал маған неге бір қазақтың жігіті ғашық болмайды деп ойлап отырмын. Сен мені жақсы көрмейсің бе?» деді.

19 жастағы студент жігіт төрешінің қалжыңына қалжыңмен жауап беріп: «Сахнада тұрып келбетіңізді анық көре алмай тұрмын, қасыңызға барып көрсем бола ма?», - дейді.

Төрешілердің рұқсатымен қастарына келген Нұрбек Жанарбекұлы әлгі төреші қызға екі ауыз өлеңмен жауап берді.

Төрешілерді тамсандырған жас талант қазір студент екенін, махаббатпен бас қатырып жүруге уақыты жоқ, сабаққа ғана көңіл бөлетінін айтты.

Видео авторы: Mongolia's Got Talent

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда жасы 60-тан асқан әженің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)

Ұлынан айырылған аналар сотқа келген Күлекбаевтың әйеліне бас салды (видео)

Атышулы Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыптарды мойындап жатыр

Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш ағайындыға қатысты тағы бір дерек шықты

Ақтөбені дүрліктірген лаңкестерге қатысты сот отырысы басталды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1286954-monhgholiyadaghy-bayqauda-qazaq-zhigit.html