RU

Кабинетінде пара алып жатқан атыраулық шенді ұсталып қалды

17 қазанда Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Рзағұлова өзінің қызмет кабинетінде пара алу кезінде ұсталды деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлағандай, оның әлденеше рет пара алғаны анықталған: «Бірқатар кәсіпкерден салық есептілігін ресімдегені, есеп-айырысу шоттарын ашқаны, сонымен қатар ҚҚС бойынша кедергісіз есепке қойғаны... үшін ақшалай қаржы мен материалдық құндылықтар түрінде жүйелі негізде заңсыз сыйақылар алып отырған».

Ол 130 мың теңге көлемінде кезекті сыйақы алу кезінде ұсталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Айгүл Рзағұлова мойындау жауабын беріп, іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда жасы 60-тан асқан әженің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)

Ұлынан айырылған аналар сотқа келген Күлекбаевтың әйеліне бас салды (видео)

Қырғызстанда қалыңдық қалыңмалын алып, қашып кетті

Туған қызын пышақтап өлтірген қостанайлық әке жұртты шошытты

Қытайда үш көзі және екі тұмсығы бар торай дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287139-kabinetinde-para-alyp-zhatqan-atyraul.html