RU

Шетелдік бай азаматпен көңіл қосқан астаналық ару шалқып өмір сүруде (фото)

Бірнеше жыл бұрын Лондонға өнер үйрену үшін кеткен астаналық бойжеткен бай ағылшындыққа тұрмысқа шықты. Бұл туралы "Экспресс К" сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Астана тумасы нағыз ағылшындықтардың сарайына қожайын атанды. Бойжеткен күйеуімен бірге АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампты серілер қатарына қосқан.

Барон Джон Маппинге тұрмысқа шыққан Ирина Кудренок бүгінде баронесса атанған. Патша зергерлерінің отбасы сарайлар мен қымбат жер телімдеріне иелік етеді. Сарайларының ішінде ерекше орын алатын Камелот сарайында Артур патша дүниеге келген.

Бүгінде Камелот қымбат отельге айналған. Онда құпия қоғамдар мен ордендердің жиыны жиі өтіп тұрады. Солардың біріне мүшелік ететін Ирина Кудренок пен Маппин жақында миллиардер Дональд Трампты Камелот серісі титулымен марапаттаған.

Олар, тіпті британдық басылымдарға берген сұхбаттарының бірінде сарайдың тікұшақ алаңы Дональдты АҚШ президенті ретінде қабылдауға әзір тұрғанын жайып салды.

Маппин АҚШ-қа да, Қазақстанға да қызығушылық танытуда. Камелот сарайында Қазақстанның туы жиі желбіреп тұрады. Бұл жайтты олар баронессаның өз туған жеріне көрсеткен құрметі ретінде түсіндіреді.

Михаил Дворячниковтың материалынан аударылды

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда жасы 60-тан асқан әженің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)

Ұлынан айырылған аналар сотқа келген Күлекбаевтың әйеліне бас салды (видео)

Қырғызстанда қалыңдық қалыңмалын алып, қашып кетті

Туған қызын пышақтап өлтірген қостанайлық әке жұртты шошытты

Қытайда үш көзі және екі тұмсығы бар торай дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287264-sheteldik-bay-azamatpen-konhil-qosaqan.html