RU

Дариға Назарбаева өзінің аты аталған жарнамаға қатысты пікірін айтты

Жалған жарнамалардың пайда болуы бүгінде осы саланы реттейтін заңнамаға жаңа көзқараспен қарауға мәжбүрлейді. Бұл туралы парламент сенатында тілшілерге берген сұхбатында депутат Дариға Назарбаева мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұдан бұрын ғаламторда сенат депутаты Назарбаеваның электр энергиясын үнемдейтін құралды жарнамалауға қатысты жалған сұхбаты тараған еді. Шын мәнінде депутаттың бұл құралдың жарнамасына еш қатысы жоқ болып отыр.

«Дәл қазір бұл мәселе бойынша түсініктеме беру қиындау, себебі бұл тұрғыда зерттеу жүргізу керек. Интернет, әлеуметтік желілер қарқынды дамып келе жатқан жағдайда осы тектес жалған сұхбаттар мен қандай да бір арандатушылық мәселелер бойынша кез-келген адам құрбан болуы мүмкін. Бұндай фактілер бүгінде осы саланы реттейтін заңнамаға жаңа көзқараспен қарауға мәжбүрлейді. Интернет желісінен электр энергиясын үнемдейтін қандай да бір технология менің аты-жөнім арқылы жарнамаланып жүргенін байқадым. Енді бұл мәселенің мән-жайын тексеру керек», - деді Назарбаева.

Осы ретте депутат өнімді шығаратын және бұндай алақол жарнамамен айналысатын компанияға жауапкершілікті жүктеу қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұл жалған сұхбатты жазып шыққандар оны ресейлік Lenta.ru порталының мақаласы ретінде берген. Дегенмен, сұхбат басқа ресурста орналастырылған. Бұл тұрғыда депутаттың атынан аталған құралға қатысты сипаттама беріліп, мақтаулар айтылған. Сонымен қатар онда коммуналдық қызметтердің бағасы жоғары екендігі, осы ретте жарнамаланып отырған құралдың көмегімен қаржыны айтарлықтай үнемдеуге болатындығы ескерілген.

«Оны Lenta.ru ұжымынан сұрау керек. Алайда, олай болуы мүмкін емес. Өйткені бұл танымал интернет ресурс болып табылады. Олар өздерінің сайтында бұндай тексерілмеген ақпаратты береді деп ойламаймын», - деді  Назарбаева.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда жасы 60-тан асқан әженің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)

Ұлынан айырылған аналар сотқа келген Күлекбаевтың әйеліне бас салды (видео)

Қырғызстанда қалыңдық қалыңмалын алып, қашып кетті

Туған қызын пышақтап өлтірген қостанайлық әке жұртты шошытты

Қытайда үш көзі және екі тұмсығы бар торай дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287346-darigha-nazarbaeva-ozininh-aty-atalghan.html