RU

Астанадағы жануарлар бағында маймыл баланың саусағын тістеп алды

Астанада тұратын келіншек «Астанадағы қайырымды адамдар клубы» атты топқа Astana Mall сауда үйінде орналасқан «ЕНОТиЯ» атты жанама жануарлар бағында оның жиенін маймыл тістеп алғанын айтып, байбалам салды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сенбі күні өз балаларыма ертіп жиенімді «Ажар» (Astana Mall) сауда орталығындағындағы жанама жануарлар бағына апардым. Маймылды тамашалап болған соң, оған тамақ бердік, сосын бізді ертіп жүрген жануарлар бағының қызметкері түлкіні ұстап көріңіздер деп кеңес берді. Түлкінің торы маймылдың жанында еді. Бізді ертіп жүрген қыз бірінші болып түлкінің торына кірді, артынан менің балаларым ере кірді, соңынан мен кірдім. Ол қыз маған тордың есігін жауып қойыңыз деді. Мен есікті жабайын деп бұрыла бергенде, жеміс-жидек салынған стаканды ұстап тұрған жиенім маймылдың торына қарай қысылып қалғандай болды да, саусағын шошайтып тұр екен... Сол сәтте маймыл жиенімнің саусағын тістеп алыпты. Бала қатты жылап тұрды, мен айқай салдым, ал жануарлар бағының қызметкері түк болмағандай тұра берді», - деп жазған Instagram желісіндегі klepa_89bk.ru атты пайдаланушы (автордың стилистикасы мен орфографиясы сақталды).

Оның айтуынша, жануарлар бағының қызметкерлері балаға алғашқы көмек көрсетпеген екен.

«...Маймылдың денсаулығы туралы құжаттарды сұраттым, бірақ, маймылға құтыруға қарсы екпе егілгені туралы құжат жоқ екен. Баланы ауруханаға апарып, құтыруға қарсы екпе қойғыздым. Енді бір ай бойы сол екпені аламыз», - деп толықтырған ол жазбасын.

Жануарлар бағын басқарушының көмекшісі Нұрлан Күшекпаевтың айтуынша, жануарлар бағына келген әрбір адам қауіпсіздік ережесімен танысады және жануарлардың торына саусақ шошайтуға болмайды. Оның айтуынша, маймыл құтыру ауруына қарсы екпе алған.

«Маймыл тұрған торға адамдарды кіргізбейміз. Келген адамдар ережемен танысқаны туралы журналға қол қояды. Біз ол адамдарға кірген билеттерінің ақысын қайтардық. Маймыл егілген. Мен жануарларға арналған мал дәрігерінің халықаралық паспортын көрсеттім, бірақ, келген әйелдің күйеуі басқа бетті суретке түсіріп алыпты. Жануарлар бағының қызметкерлері қыздың саусағын арнайы майлықпен тазалап берді», - деп хабарлады ол.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда жасы 60-тан асқан әженің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)

Ұлынан айырылған аналар сотқа келген Күлекбаевтың әйеліне бас салды (видео)

Қырғызстанда қалыңдық қалыңмалын алып, қашып кетті

Туған қызын пышақтап өлтірген қостанайлық әке жұртты шошытты

Қытайда үш көзі және екі тұмсығы бар торай дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287375-astanadaghy-zhanuarlar-baghynda-maymyl.html