RU

Баян Мақсатқызы өзін ұрып-соққан бұрынғы күйеуінің сотына келді

Баян Мақсатқызы (Есентаева) сотқа қатысып жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жабық режимдегі сот отырысына қызы Айсəуле де келді.

Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Түске дейін алқа би мүшелері анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды.

Сондай-ақ қазіргі таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда жасы 60-тан асқан әженің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)

Ұлынан айырылған аналар сотқа келген Күлекбаевтың әйеліне бас салды (видео)

Қырғызстанда қалыңдық қалыңмалын алып, қашып кетті

Туған қызын пышақтап өлтірген қостанайлық әке жұртты шошытты

Қытайда үш көзі және екі тұмсығы бар торай дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287389-bayan-maqsatqyzy-atyshuly-sotqa-keldi.html