RU

ValueWalk: АҚШ-тағы сайлаудан соң Ресей Қазақстан мен Белоруссияға әлімжеттік жасайды

Жақында ValueWalk журналы «Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға жасайтын жаңа шабуылы» атты мақала жариялады деп хабарлайды Abai.kz.

Онда АҚШ-тағы президент сайлауынан кейін Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға саяси қысым жасайтыны туралы баяндалған.

«Ресей экономикасының әлсіреуіне байланысты бірте-бірте оның ең жақын серіктестері саналатын Қазақстан мен Белоруссия Путин одағынан іргесін аулақ сала бастайды. Сондықтан да Кремль пост-кеңестік кеңістіктегі екі елге бірдей «интервенция» жасауы әбден мүмкін», - деп жазады ValueWalk журналы.

«Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға басқыншылығы АҚШ-тың жаңа сайланатын президентінің алғашқы мерзіміндегі басты проблема болмақ», - дейді аталған басылым.

Әрине, әлемде екі алпауыт саналатын Ресей мен АҚШ арасындағы жанжалдардың жаһандық саясатқа айтарлықтай ықпалы ететіні түсінікті. Десек те, басылым Украина сценарийін мысалға келтіре отырып, Путин режимінің одақтас үштікке әлімжеттік жасайтынын ашық жазады.

«Ресейдің Белоруссияға бақылау жүргізуі – Ресей армиясының НАТО елдеріне қатер төндіреді. Әсіресе НАТО-ға мүше Польша мен Литва бірінші кезекте Ресей шабуылдарының нысанына айналуы мүмкін» дейді. «Бір қарағанда Қазақстан мен Белоруссия бір-бірімен үйлеспейтін екі бөлек мемлекет... Дегенмен алдағы екі жылда бұл екі мемлекет те экономикалық саяси қысымға ұшырайтыны анық. Осылайша Путин әлемдік саясаттағы өз беделін сақтап қалуға әрекеттенеді», - делінген мақалада.

Анығында қос бірдей одаққа мүше болып отырған үштіктің арасында болуы мүмкін сенімсіздіктің себебі – Ресей экономикасының құлдырауы, қаржылық дағдарыстың Ресей мұнайына әсері және инвестицияның тоқтауына байланысты тумақ.

Батыс елдері мен АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының салқыны қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына айтарлықтай соққы болып тигені белгілі. «ValueWalk» журналы сарапшыларының пікірінше либерализация айтарлықтай қиындық туғызбайды-мыс.

«Қазақстаның ішкі тұрақтылығының бұзылуының негізгі себебі – діни экстремизмнің өршуі болады» - дейді батыстық сарапшылар.

Соңғы жылдарда қазақстандықтардың ИШИМ сапына көптеп қосылуы мен Ақтөбе және Алматыдағы шетін оқиғалардың орын алуын мысал еткен басылым осындай тұжырым жасаған.

Ресей мен АҚШ арасындағы айқаста Қазақстан мен Белоруссияның позициясы көп түйінге шешім болатынын айтқан басылым, Қазақстанның тағы бір стратегиялық серіктесі әрі көршісі Қытай туралы «ләм-мим» демепті.

Мақала авторы: Нұргелді Әбдіғаниұлы

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда жасы 60-тан асқан әженің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)

Ұлынан айырылған аналар сотқа келген Күлекбаевтың әйеліне бас салды (видео)

Қырғызстанда қалыңдық қалыңмалын алып, қашып кетті

Туған қызын пышақтап өлтірген қостанайлық әке жұртты шошытты

Қытайда үш көзі және екі тұмсығы бар торай дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287419-valuewalk-aqsh-taghy-saylaudan-sonh-resey-qazaqs.html