RU

Олимпиада чемпионы Баландин Ақтөбені шулатып жатыр

18 қазан күні ақтөбеліктер Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинді әуежайдан күтіп алды. Әуежайға облыстық спорт басшылығы келіп, спортшыға құрмет көрсетті деп жазады aktobenews.kz.

Спортшы қарсы алушыларға өзінің ілтипатын білдіріп, болашақ жоспарларымен бөлісті.

"Сіздердің құрметтеріңізге рахмет. Чемпион болу үшін барымды салуға тырыстым. Спорт – ол үлкен еңбек. Қазақстаннан сорттың жүзу түрінен әлі де чемпиондар шығатынына сенемін", - дейді Дмитрий Баландин.

Әуежайға Дмитрийдің суретімен келген жасөспірімдер оны есіктің алдынан ұзатпай қолтаңба алды. Спортшы болуды армандаған ақтөбеліктер чемпионды жібермей, естелік суретке түсіп қалуға тырысты.

Баландин 19 қазан күні «Достық» су спорты орталығында өтетін жүзуден Қазақстан кубогіне қатысады.

Тағы оқыңыздар:

Шетелдік бай азаматпен көңіл қосқан астаналық ару шалқып өмір сүруде (фото)

Баян Мақсатқызы өзін ұрып-соққан бұрынғы күйеуінің сотына келді

Қазақстандық бизнесмен итальяндық миллионерге ерекше биімен жауап берді (видео)

Алматыда ашушаң келіншек тоғыз жастағы қызын өлімші етіп сабаған

Қазақстандықтар мерекеде қанша күн демалады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287499-olimpiada-chempiony-balandin-aqtoben.html